Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының қатардағы және
басшы құрамдағы адамдарының нысанды киiм-кешектiң жаңа үлгiлерiне
көшуi туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1996 жылғы 15 қарашадағы N 1390 Қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 16 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасының Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707 Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. 1-2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының нысанды киiм-кешегiнiң, аяқ киiмiнiң, жарақтары мен айырым белгiлерiнiң үлгiлерi бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының нысанды киiм-кешегiнiң, (киiм, аяқ киiмдi, жарақтар мен айырым белгiлерi) бұйымдарының нобайлары, үлгiлерi, пiшiндерi, техникалық құжаттамасы тәжiрибелiк және өнеркәсiптiк даналары Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң интеллектiлiк меншiгi болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi:
Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарын нысанды киiм-кешекпен, аяқ киiммен, жарақтармен және айырым белгiлермен жабдықтаудың жаңа нормаларын әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге ұсынсын;
нысанды киiм-кешектi, аяқ киiмдi, жарақтармен айырым белгiлерiн киiп жүрудiң ережелерiн әзiрлесiн;
жаңа пiшiмдi киiм-кешек (киiм, аяқ киiмдi, жарақтары мен айырым белгiлерi) тiгу және жарақаттауға көшудi қазiргi уақытта қолданылып жүрген жарақтау мен киюдiң нормалары мерзiмдерiне сәйкес аталған заттық мүлiк қорын толық жұмсалғанша пайдалануын, сондай-ақ республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң мүмкiндiктерiн ескере отырып, кезең-кезеңмен жүзеге асырылсын.