Қазақстан Республикасының халқына протездік-ортопедиялық көмек беру
тәртібі туралы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігінің 1998 жылғы 2 сәуірдегі N 88-ө бұйрығы
(ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.05.02 ж.
N 106-ө бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
І. Жалпы ережелер
Осы редакция 2004 ж. 18 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Қазақстан Республикасында протездік-ортопедиялық көмекті ұйымдастыру "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы N 692-ХІІ заңына, "Ұлы Отан соғысына қатысушыларды, мүгедектерді және оларға теңестірілген адамдарды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар, 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 Жарлығына, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілеріне және халықаралық шарттарға (келісімдерге) сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.05.02 ж. N 106-ө бұйрығымен 2-тармақ толықтырылды
2. Протездік-ортопедиялық көмек азаматтарды белгіленген тәртіппен қол және аяқ протездерімен (бұдан әрі - протездер), оларға қажетті тетіктермен, ортопедиялық аяқ киіммен және аппараттарға аяқ киімдермен, тростармен, балдақтармен, емдеу-профилактикалық протездік-ортопедиялық бұйымдармен: бандаждармен, корсеттермен, туторлармен, реклинаторлармен, бас ұстағыштармен, супинаторлармен, емдік белдіктермен, балалардың профилактикалық шалбарларымен және басқаларымен, сондай-ақ протездеу жөнiнде медициналық қызметтер көрсетумен қамтамасыз етуден тұрады.