(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) СЕРТИФИКАТТАУ ТУРАЛЫ ҚР 16.07.99 Ж. № 434-1 ЗАҢЫ

Сертификаттау туралы Қазақстан Республикасының

1999 ж. 16 шілдедегі N 434-1

Заңы

(ҚР 15.01.01 ж. N 141-II; 11.07.01 ж. N 230-II; 15.12.01

ж. N 272-II Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция ҚР 10.06.03 ж. N 432-11 Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 3 баптар)
 2-тарау. Сертификаттау саласындағы мемлекеттік (4 - 13 баптар)
 реттеу мен басқару 
 3-тарау. Сертификаттау саласындағы мемлекеттік (14 - 17 баптар)
 бақылау және сертификатталған өнімдерге, 
 процестерге, жұмыстарға және көрсетілген 
 қызметтерге инспекциялық бақылау 
 4-тарау. Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды (18 бап)
 қаржыландыру 
 5-тарау. Сертификаттау туралы заңдарды бұзғаны (19 бап)
 үшін жауаптылық 
 6-тарау. Сертификаттау саласындағы даулар (20 бап) 

Осы Заң Қазақстан Республикасындағы өнімдерді, сапа жүйелері мен өндірістерді (бұдан әрі - процестерді), жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сертификаттаудың құқықтық негіздерін белгілейді, сертификаттау саласындағы қатынастарды реттейді, сертификаттауға қатысушылардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) тіркеу - уәкілетті мемлекеттік органның сертификаттау жөніндегі орган немесе сынақ лабораториясы (орталығы) ретіндегі белгілі бір салада жұмысты жүзеге асыруға ұйымның құқылы екендігін ресми тануы;

2) тіркеу аттестаты - белгіленген қызмет саласында сертификаттау жөніндегі органның немесе сынақ лабораториясының (орталығының) нақты жұмыстарды орындауға деген құқығын куәландыратын, мемлекеттік сертификаттау жүйесі ережелеріне сәйкес берілетін құжат;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.