(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 20.07.99 Ж. № 1018 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында кадрлар даярлауды

мемлекеттік білімдік несиелендіру туралы Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі N 1018 Қаулысы

Осы редакция ҚР Үкіметінің 30.04.03 ж. N 420 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

"Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңын атқару үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында мамандарды даярлауды несиелендiрудiң ережесi бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi несиелер беруді жүзеге асыратын, сондай-ақ қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылауды және бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк бiлiмдiк несиелендiру бағдарламасының әкiмшiлерi болып белгiленсiн.

Ескерту: 2 тармақ ҚР Үкіметінің 08.12.00 ж. N 1825 қаулысымен өзгерді

3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып, заңнамада белгiленген тәртiппен екi айлық мерзiмде мемлекеттiк студенттiк несие беру тәртiбi туралы нұсқаулықты әзiрлесiн және бекiтсiн.

Ескерту: 3 тармақ ҚР Үкіметінің 08.12.00 ж. N 1825 қаулысымен жаңа редакцияда

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.