Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының
1999 жылғы 23 шілдедегі N 453-1
Заңы
(ҚР 04.06.01 ж. N 204-II Заңымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР 11.03.03 ж. N 393-II Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2003 ж. 11 наурыздағы N 393-ІІ Заңың қараңыз (күшіне енетін мерзімін қара)
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 6 баптар)
2-тарау. Мемлекеттік қызметшілердің (7 - 10 баптар)
құқықтық жағдайы 3-тарау. Мемлекеттік қызметке кіру (11 - 14 баптар)
4-тарау. Мемлекеттік қызмет өткеру (15 - 20 баптар)
және қызметтік мансап 5-тарау. Мемлекеттік қызметшілерді (21 - 25 баптар)
қамсыздандыру 6-тарау. Мемлекеттік қызметшілердің (26 - 27 баптар)
мемлекеттік қызметті тоқтатуы 7-тарау. Мемлекеттік қызмет туралы (28 - 29 баптар)
заңдарды бұзу үшін жауаптылық 8-тарау. Қорытынды ережелер (30 бап)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi - мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң құрамына кiрмейтiн, мемлекеттiк органда тұрақты кәсiби негiзде лауазымдық өкiлеттiктi жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшi;
мемлекеттiк лауазым - мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлермен белгіленген лауазымдық өкiлеттiк пен лауазымдық мiндеттердiң ауқымы жүктелген құрылымдық бiрлiгі; мемлекеттiк қызмет - мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiгiн атқару жөнiндегi қызметi;