Қазақстан Республикасының патент заңы Қазақстан
Республикасының 1999 ж. 16 шілдедегі
N 427-I Заңы
Осы редакция 2004 жылғы 9 шілдедегі N 586-II Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 6 баптар)
2-тарау. Өнеркәсіптік меншік объектілерінің патентке (6 - 9 баптар)
қабілеттілігінің талаптары 3-тарау. Авторлар мен патент иеленушілер (9 - 11 баптар)
4-тарау. Өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға (11 - 16 баптар)
ерекше құқық 5-тарау. Қорғау құжатын алу тәртібі (16 - 29 баптар)
6-тарау. Қорғау құжатының қолданылуын тоқтату және (29 - 32 баптар)
қалпына келтіру 7-тарау. Авторлардың, өтініш берушілердің және (32 - 35 баптар)
патент иеленушілердің құқықтарын қорғау 8-тарау. Қорытынды ережелер (35 - 38 баптар)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер
Осы Заң мақсатында мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) бюллетень - өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау мәселелері жөнінде Қазпатент ресми шығарып тұратын мерзімдік басылым;
2) патенттелген өнеркәсіптік меншік объектілері - қорғау құжаттары берілген өнеркәсіптік меншік объектілері;
3) ерекше құқық - өнеркәсіптік меншік объектісін өз қалауы бойынша кез келген әдіспен пайдалануға патент иеленушінің мүліктік құқығы;
4) лицензиялық шарт - патент иеленуші (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) өнеркәсіптік меншік объектісін белгілі бір түрде уақытша пайдалану құқығын беру шарты;
5) интеллектуалдық меншік объектілері - интеллектуалдық қызмет нәтижелері және азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетуді дараландыру құралдары;