Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы
Қазақстан Республикасының 1999 ж. 13 шілдедегі
N 422-1 Заңы
Осы редакция 2004 жылғы 9 шілдедегі N 586-II Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 3 баптар)
2-тарау. Селекциялық жетістіктің патентке қабілеттілігі (4 - 7 баптар)
3-тарау. Селекциялық жетістікке патент беруге жасалған (8 - 10 баптар)
өтінімнің сараптамасы 4-тарау. Автор және патент иесі (11 - 17 баптар)
5-тарау. Селекциялық жетістікті пайдалану (18 - 20 баптар)
6-тарау. Патенттің қолданылуын тоқтату (21 - 22 баптар)
7-тарау. Қорытынды ережелер (23 - 29 баптар)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заң реттейтін қатынастар
Осы Заң селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы қызметтің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді, селекциялық жетістіктерді жасауға, ашуға, шығаруға, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын мүліктік, сондай-ақ олармен байланысты мүліктік емес жеке қатынастарды реттейді.
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңның мақсаттары үшін мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) Селекциялық жетістік авторы (селекционер) (бұдан әрі - автор) сортты, тұқымды жасаған, ашқан немесе өсіріп шығарған жеке адам;
2) шағым кеңесі - Қазпатенттің дауларды сотқа дейін қарау жөніндегі бөлімшесі;
3) бюллетень - Қазпатенттің селекциялық жетістіктерді қорғау мәселелері жөніндегі ресми мерзімді басылымы;
4) мемлекеттік комиссиялар - Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Республикалық мемлекеттік басқару органының Ауыл шаруашылық дақылдарының сортын сынақтан өткізу жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы мен Тұқымдарды сынақтан өткiзу және сапасын анықтау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы;