(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 1999 Ж. 11 ТАМЫЗДАҒЫ № 872 ЖАРЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін

және құрылымын бекіту туралы Қазақстан Республикасы

Президентінің 1999 ж. 11 тамыздағы N 188 Жарлығы

(ҚР Президентінің 20.05.00 ж. N 400; 18.04.01 ж. N 587; 11.07.01 ж.

N 654; 21.08.01 ж. N 668; 17.05.02 ж. N 872; 15.08.02 ж. N 924

Жарлықтарымен енгізілген өзгерістермен)

Осы редакция Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж. 29 желтоқсандағы N 1009 Жарлығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 17-1-бабына сәйкес қаулы етемін:

ҚР Президентінің 20.05.00 ж. N 400 жарлығымен 1-тармақ өзгертілді

1. Ұсынылып отырған:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереже (N 1 қосымша);

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы штат саны 4000 адам болатын құрылымы бекітілсін (N 2 қосымша).

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы Президентiнiң

1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығына

N 1 қосымша

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi Қазақстанның Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады әрi Қазақстан Республикасының банк жүйесiнің жоғарғы (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" заң күшi бар Жарлығында белгіленген шекте Қазақстан Республикасының Президентiне есеп бередi, өз қызметiнде Конституцияны, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" заң күшi бар Жарлықтарын және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық және заң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттарды (келiсiмдердi), сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алып отырады.

ҚР Президентінің 18.04.01 ж.N 587 Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді

2. Қазақстанның Ұлттық Банкi заңды тұлға - ұйымдық-құқықтық нысанда мемлекеттiк мекеме болып табылады, оның дербес балансы бар, толық шаруашылық есеп принципiнде жұмыс iстейдi және өзiнiң филиалдарымен, өкiлдiктерiмен және ұйымдарымен бiрге сатылап бағыну жолындағы орталықтанған бiртұтас құрылым.

Қазақстанның Ұлттық Банкi заң актілерiне сәйкес Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде өздерi болатын елдің заңдарын ескере отырып филиалдары мен өкiлдiктерiн аша алады.

3. Қазақстанның Ұлттық Банкi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Yкiметiмен үйлестiредi және онымен ұдайы консультация өткiзіп отырады.

Қазақстанның Ұлттық Банкi өз қызметiнде Қазақстанның 2030 жылға дейiнгі даму стратегиясын басшылыққа алады, Yкiметтiң экономикалық саясатын ескерiп отырады және егер ол өзiнiң негiзгi қызметiн орындауы мен ақша-кредит және валюта саясатын жүзеге асыруына қайшы келмейтiн болса, оны жүзеге асыруға жәрдемдеседi.

Үкiмет Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, сол сияқты Қазақстанның Ұлттық Банкi де мұндай жауапкершілік алған кезде болмаса, Үкiметтiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

Өкiлдi және атқарушы өкiмет органдары Қазақстанның Ұлттық Банкiнiң, оның филиалдарының, өкілдiктерiнiң және ұйымдарының заңмен бекiтiлген өкілеттіктерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметiне араласуға хақысы жоқ.

ҚР Президентінің 21.08.01 ж. N 668 Жарлығымен 4-тармақ өзгертілді

4. Қазақстанның Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңдары негiзiнде және оларды орындау үшiн өз құзырына жататын мәселелер бойынша барлық банктер, сақтандыру ұйымдары, Қазақстанның Ұлттық Банкi берген лицензия негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар және олардың клиенттерi, бағалы қағаздар рыногының субъектілері, сондай-ақ басқа да заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында мiндеттi түрде орындайтын нормативтік құқықтық актiлер шығарады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актiлерi оның ресми басылымдарында - "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң хабаршысында", "Вестник Национального Банка Казахстана" қазақ және орыс тілдерiнде жарияланып отырады.

5. Қазақстан Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өзiнiң атауы жазылған мөрi, сондай-ақ өз белгiсi болады.

Қазақстан Ұлттық Банкi филиалдарының, өкiлдiктерiнің және ұйымдарының өз мөрi бар.

Қазақстан Ұлттық Банкiнің орталық аппаратының мекен-жайы: 480090, Алматы қаласы, "Көктем-3" шағын ауданы, 21-үй. Орталық аппараттың жекелеген бөлiмшелерінің бiр бөлiгi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы Орталық филиалының үйiне орналасқан: 473000, Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 21-үй.

2. Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі

міндеттері, қызметі, өкілеттіктері және құқықтары

ҚР Президентінің 20.05.00 ж. N 400; 21.08.01 ж. N 668; 15.08.02 ж. N 924 Жарлықтарымен 6-тармақ өзгерді

6. Қазақстан Ұлттық Банкiнің негiзгi мiндетi Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының iшкi және сыртқы орнықтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстан Ұлттық Банкiне сонымен қатар:

1) мемлекеттің Қазақстанның экономикалық даму мақсаттарына жетуiне және оның дүниежүзілік экономикаға кiрiгуiне жәрдемдесетiн заңда айналымы, кредит, банктер мен олардың клиенттерiнің арасындағы ақша аударымын ұйымдастыру және валюталық қатынастар саласындағы саясатын әзiрлеу және жүргiзу;

2) ақша, кредит және банк жүйесiнiң тұрақты қызметін қамтамасыз етуге жәрдемдесу, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногының және сақтандыру рыногының;

2-1) бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу;

2-2) жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн мемлекеттiк реттеу және бақылау;

3) банк қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау және олардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру жолымен банк кредиторлары мен салымшыларының мүддесiн қорғау жүктеледi.

Ереже ҚР Президентінің 21.08.01 ж. N 668 Жарлығымен 6-1-тармақпен толықтырылды

6-1. Қазақстан Ұлттық Банкінің бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу органы ретіндегі негізгі міндеттері мыналар:

1) бағалы қағаздар рыногында қалыптасатын қатынастарды мемлекеттік реттеу;

2) бағалы қағаздар рыногында инвесторлардың құқықтарын және заңнамалық актілермен қорғалатын мүдделерін қорғау;

3) бағалы қағаздар рыногының субъектілері сақтауға міндетті талаптарды белгілеу;

4) бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының, олардың дербес реттелетін ұйымдарының, бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың және бағалы қағаздар рыногындағы қызметі лицензиялар немесе рұқсаттар негізінде жүзеге асырылатын басқа да тұлғалардың қызметіне қадағалауды жүзеге асыру;

5) жеке тұлғалардың - бағалы қағаздар рыногы қатысушыларының кәсіби деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі оқыту жүйесін ұйымдастыру.

Ереже ҚР Президентінің 15.08.02 ж. N 924 Жарлығымен 6-2-тармақпен толықтырылды

6-2. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн мемлекеттiк реттеу және бақылау органы ретiндегi негiзгi мiндеттерi мыналар:

1) жинақтаушы зейнетақы жүйeci саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысу;

2) халықтың жинақталған зейнетақы қаражатын қорғау мақсатында жинақтаушы зейнетақы қорларының тұрақты қызметiн қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

3) жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының және/немесе алушыларының мүдделерiн қорғау.

ҚР Президентінің 18.04.01 ж. N 587; 21.08.01 ж. N 668; 15.08.02 ж. N 924; Жарлықтарымен 7-тармақ өзгерді

7. Қазақстанның Ұлттық Банкi өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi қызмет атқарады:

1) Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзедi;

2) Қазақстан Республикасының аумағында банкноттар мен металл ақшалардың эмиссиясын жүзеге асырады;

3) банктердiң банк қызметiн жүзеге асырады;

4) Yкiметпен және басқа да мемлекеттiк органдармен келiсе отырып, банк, қаржы жөнiндегi кеңесшi және агент қызметiн жүзеге асырады;

5) банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жұмысына бақылау жасайды және қадағалайды, сонымен бiрге шоғырландырылған негiзде бақылау жасайды және қадағалайды сондай-ақ олардың қызметiн реттейдi;

6) Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асырады;

7) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң алтын-валюта активтерiн басқарады;

7-1) бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік тіркеу жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыру;

7-2) жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн мемлекеттiк реттеу және бақылау жөнiндегi функциялар мен өкiлеттiктердi жүзеге асыру;

8) сақтандыру рыногын реттеу және сақтандыру қызметiн қадағалау, сонымен бiрге шоғырландырылған негiзде қадағалау жөніндегi мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн жүзеге асырады.

8. Қазақстанның Ұлттық Банкi мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзу мақсатында:

1) айналымдағы ақша массасының көлемiн реттейдi;

2) Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша-кредит саясаты шеңберiнде ресми ставкаларды өзгерту жолымен кредит жөнiндегi сыйақының (мүдденiң) рыноктық ставкаларының деңгейiн реттеудi жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасындағы инфляция процестерiне ақша-кредиттiк реттеу әдiстерi арқылы бақылау жасау мүмкiн болмаған жағдайда, Қазақстанның Ұлттық Банкi кредит көлемiн және олар бойынша сыйақының (мүдденің) банктiк ставкаларын шектеуге құқылы.

Инфляция процестерiн ақша-кредиттiк реттеудiң жанама әдiстерiмен тоқтату мүмкiн болмаған жағдайда, Қазақстанның Ұлттық Банкi операциялар мен мәмiлелердiң жекелеген түрлерi бойынша ставкалардың ең жоғары деңгейiн белгiлеу, кредиттеудi шектеу, сыйақы (мүдде) ставкаларын доғару және жекелеген салалардың дамуын ынталандыру немесе ұстап тұру мақсатында кредиттiң жекелеген түрлерiн тiкелей реттеу жолымен тiкелей сандық шектеу қоюға құқылы;

3) мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылатын өзiнiң жеке бағалы қағаздарын шығарады;

4) мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;

5) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгінiң қарауына мемлекеттiк бағалы қағаздардың банк жүйесiнің өтiмдiлiгiне ықпалын және ақша-кредит саясатының басымдықтарын ескере отырып, олардың ай сайынғы көлемi мен шығару кестесi және мемлекеттiк қарызды өтеу мәселелерi жөнiнде ұсыныс енгiзедi, сондай-ақ қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк бағалы қағаздарды алғаш орналастыруға қатыстыру шарттары жөнiнде ұсыныс енгiзедi;

6) айналымдағы ақша массасының бiр немесе бiрнеше көрсеткiштерiне мақсатты бағдар белгiлейдi;

7) өз операциялары бойынша сыйақы (мүдде) ставкаларын белгiлейдi;

8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ресми есептiк (дисконттік) ставка белгілейдi және вексельдердi қайта есептейдi;

9) валюта рыногындағы интервенцияны жүзеге асырады;

10) ең төменгi мiндеттi резервтер нормативiн, оның iшiнде тартылған қаражаттың нормативiн мерзiмiне, көлемiне және түрiне қарай бөле отырып белгiлейдi (резервтiк талаптар);

11) Қазақстан Республикасының аумағында айналымға жiберiлетiн төлем құралдарының түрлерiн анықтайды және олардың айналымға шығу тәртiбiн белгiлейдi.

9. Қазақстанның Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының аумағында банкноттар мен металл ақшалар эмитентiнiң қызметiн iске асыру мақсатында:

1) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тұжырымдама негiзiнде банкноттар мен металл ақшаның көрсетiлген құнының құрылымын, дизайнын, сондай-ақ банкноттар мен металл ақшаның қажеттi мөлшерiн анықтайды және олардың дайындалуын қамтамасыз етедi;

2) қолма-қол ақша шығару, банкноттар мен металл ақшаны банктерге сатып, аударым баламасын алу жолымен олардың айналымын ұйымдастыру жөнiнде айрықша құқығы бар;

3) бұрын қолданыста болған банкноттар мен металл ақшаның төлемге алынуын және айырбасталуын анықтау, оларды айналымнан алып тастау, сақтау және жою тәртiбiн белгiлейдi;

4) қолма-қол банкноттар мен металл ақшаны есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау ережесiн белгiлейдi, банкноттар мен металл ақшаны тасымалдауды, сақтауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, резервтiк ақша қорын жасайды.

ҚР Президентінің 18.04.01 ж. N 587 Жарлығымен 10-тармақ өзгертілді

10. Қазақстан Ұлттық Банкi банктердің банк қызметiн жүзеге асыру мақсатында:

1) Қазақстан Республикасында қайта қаржыландыру жүйесiн ұйымдастырады;

2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" заң күшi бар Жарлығында көзделген жағдайларда болмаса, Қазақстан Ұлттық Банкiнде ашылған банктiк есепшоттардың иелерiне алты айдан аспайтын мерзiмге өтiмдiлiгi жоғары, тәуекелсiз бағалы қағаздармен және басқа да активтермен қамтамасыз етiлген кредит бередi;

3) екiншi деңгейдегi банктер үшiн соңғы сатыдағы кредитор болып табылады, осыған байланысты оларға ұлттық және шетелдiк валютамен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген тәртiп пен мерзiмде қамтамасыз етiлген әрi қамтамасыз етiлмеген кредит беруге құқылы;

4) төлем жүйесінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестiредi және реттейдi әрi:

- төлем және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру ережелерi мен тәсiлдерiн қолдану ерекшелiктерiн, төлем нұсқауларының мазмұнына қойылатын негiзгi талаптарды;

- банктерге және олардың клиенттерiне кассалық қызмет көрсету тәртiбiн белгiлейдi;

5) клиенттiң банктiк есепшотына ақшаның қате есептелгенi анықталған жағдайда, оны есепшоттан алып қоюға құқығы бар, клиенттiң банктiк есепшотынан ақшаны алуға оның келiсiмiн растайтын құжаттар болған жағдайда, клиенттiң банктiк есепшотын дебеттеуге құқылы;

6) банктер мен басқа да ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкi берген кредиттер бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi алдындағы берешегiнiң құрылымын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген тәртiппен және талаптар бойынша қайта жасауға құқылы.

11. Қазақстанның Ұлттық Банкi Үкiметпен және басқа да мемлекеттiк органдармен келiсе отырып, банк, қаржы жөнiндегi кеңесшi, агент қызметiн жүзеге асыру мақсатында:

1) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсе отырып оның мемлекеттiк қарызына қызмет етуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкiнің мемлекеттiк қарызына қызмет етедi;

2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаражатын орналастырады, төлем жасайды және Үкiметтiң есепшоттары бойынша өзге де операцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ оған басқа да қызмет көрсетедi.

3) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен жасасқан келiсiм негiзiнде мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырады;

4) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң бiрыңғай қазынашылық есепшотына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі Қазынашылығының облыстық (аумақтық) басқармаларының есепшоттарына қызмет етедi;

5) кредиттiң заемшыларға жетуiн жүзеге асырады;

6) басқа да қызмет көрсетедi.

ҚР Президентінің 18.04.01 ж. 587; 21.08.01 ж. N 668 Жарлықтарымен 12-тармақ өзгертілді және толықтырылды

12. Қазақстанның Ұлттық Банкi банктердiң сонымен бiрге шоғырландырылған негiзде қызметiн бақылау мен қадағалауды және олардың қызметiн реттеудi жүзеге асыру мақсатында:

1) Қазақстан Республикасының аумағында банктер ашуға және олардың ерiктi түрде қайта құрылуы мен таратылуына рұқсат бередi, банктердің филиалдар ашуына (олардың бiрiгуiне) және өкілдiктерiн ашуына, ал резидент-банктер үшiн республика аумағынан тыс жерде де келісiм бередi; жеке және заңды тұлғалардың банктiң және банктiк холдингтiң iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуiне келiсiм бередi;

2) банк заңдарында көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерiн және басқа операциялар жүргiзуге, бағалы қағаздар рыногында клирингтiк қызметтi және банк жұмысында аудиторлық тексерiстi жүзеге асыруға лицензия бередi;

3) өзі белгілеген тәртіппен банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың құрылтай құжаттарын міндетті түрде сараптаудан өткізеді, сондай-ақ банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізуге, банктің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім береді;

4) банк қызметi, есепке алу, төлемдер және ақша аударымы, заңмен белгiленген өкiлеттік шегiнде валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелерi бойынша барлық банктер және олардың клиенттерi орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығарады, сондай-ақ олардың орындалуын қадағалауды жүзеге асырады;

5) оған берiлген өкiлеттiк шегінде уәкiлетті мемлекеттiк органдармен келiсе отырып, бухгалтерлiк есеп пен аудит мәселелерi және статистика мәселелерi жөнiнде банктердiң бухгалтерлiк есебiнiң стандарттарын, сондай-ақ заңды тұлғалардың статистикалық есеп беру тiзбесiн, нысандары мен ұсыну мерзiмдерiн белгiлейдi;

5-1) өзiнiң бақылау және қадағалау қызметiн қамтамасыз ету үшiн заң актiлерiне сәйкес банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ олардың қосылма тұлғаларының қаржылық есебiнiң тiзбесiн, халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн нысандарын, ұсыну мерзiмiн белгiлейдi;

6) егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасы Үкiметімен келiсе отырып, төлемдер мен ақша аударымын реттеу мақсатында банктер мен барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердің жүзеге асыратын банктiк есепшоттары бойынша төлемдердің кезектiлiгiн белгiлеуге құқылы;

7) банктер үшiн лицензиялық рәсiмдер мен нормативтер белгiлейдi;

8) банктердiң бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуына келiсiм бередi;

9) банктердiң, олардың филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн тексередi, оның iшiнде тұрған жерiне барып немесе аудиторлық ұйымды шақырып тексередi, және олардан, сондай-ақ заң актiлерiнде көзделген жағдайларда мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан және азаматтардан өзінің бақылау және қадағалау қызметiн дұрыс жүзеге асыруға қажеттi деп санайтын ақпарат алады және алынған ақпараттар бойынша түсiнiк беруiн талап етедi;

9-1) банктiк топтардың қызметiн реттейдi және банктердiң қосылма тұлғаларының қызметiн банктердiң қызметiне тигiзетiн ықпалының дәрежесi мен сипатын айқындау мақсатында ғана Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес тексередi;

10) банктер үшiн, оның ішiнде банктiк топтар үшiн шоғырландырылған негiзде есеп айырысу әдiстемесi мен пруденциалдық нормативтердің қолданылу принциптерiн және банктер орындауға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi анықтайды;

11) банктер үшiн ашық валюта айқындамасын есепке алу және осы айқындаманы бақылау тәртiбiн анықтайды;

12) үмiтсiз және күмәндi активтердi қамтамасыз ету үшiн провизияларды қалыптастыру тәртiбiн анықтайды;

13) банктер және олардың қосылма тұлғалары оның құзыретiне енетiн заңдық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұзған жағдайда, оларға ықпал етудiң шектеу шараларын, санкциялар, мәжбүр ету шараларын, сондай-ақ заң актiлерiнде көзделген өзге де ықпал ету шараларын қолданады;

14) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарының әкiмшiлiк құқық бұзу, оларға айыппұл салу және олардан өндiрiп алу туралы iстердi қарайды;

15) банктерден банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан, сондай-ақ олардың қосылма тұлғаларынан өзінің бақылау және қадағалау қызметiн қамтамасыз ету үшiн бухгалтерлiк, статистикалық және басқа да есеп беру құжаттарын алып отырады;

16) банк есепшоттарының түрлерi мен құқықтық тәртiбiн, банк есепшоттарын ашу, пайдалану және жабу тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi;

17) заңды тұлға мәртебесi жоқ және банктер тұрған жерден тыс жерлерде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын өкiлдiктер немесе филиалдар болып саналмайтын банктер ашатын есеп айырысу-касса бөлiмдерiн (жинақ кассаларын) - аумақтық бөлiмшелерiн ашуға келiсiм бередi және арнайы есеп жүргiзедi;

17-1) ерiктi және ерiксiз таратылатын банктердiң тарату комиссияларының қызметiне бақылау жасайды, ерiктi таратылатын банктердiң кредиторлар комитеттерiнiң құрамын бекiтедi, банктердiң тарату комиссияларымен бiрлесiп ерiксiз таратылатын банктердiң кредиторлар комитеттерiнiң құрамын соттың бекiтуiне ұсынады, ерiксiз таратылатын банктер кредиторларының тiзiлiмiн соттың бекiтуiне ұсынады, банктердiң тарату комиссияларының есеп беру нысандарын, мерзiмiн және кезеңін, таратылатын банктердiң аралық баланстарының, олардың қосымшаларының нысандарын және тарату баланстарының нысандарын белгiлейдi;

17-2) егер банктердiң қосылма тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа уәкiлеттi мемлекеттiк органдар тарапынан реттелуге және қадағалануға тиiс болған жағдайда, олармен реттеу және қадағалау туралы, соның iшiнде бiр-бiрiмен ақпарат алмасу бөлiгiнде келiсiм жасасады;

17-3) банктiң және (немесе) банктiк холдингтiң iрi қатысушысының акцияларын сенiмдi басқаруы, ал Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң келiсiмiмен - банктер кредиторларының мүдделерiн қорғау және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында және капиталының терiс мөлшерi бар екiнші деңгейдегi банктердiң акцияларын бұдан кейiн жаңа инвесторларға мiндеттi түрде тез арада сату шарттарымен мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдайды;

17-4) iрi қатысушыларды және банктiк холдингтердi анықтау мақсатында банктiң тiкелей немесе жанама қатысушыларының құрылтай құжаттарын, қаржылық есептi және заң актiлерiнде көзделген жағдайларда банктiң қосылма тұлғаларының өзге де ақпарат беруiн талап етедi.

ҚР Президентінің 18.04.01 ж. N 587 Жарлығымен 13-тармақ өзгертілді

13. Валюталық реттеудi және валюталық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi:

1) Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операциялар бойынша валюталық реттеудi жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi және шетел валютасымен операциялар жүргiзуге қажетті шектеулер енгiзедi;

2) резиденттердiң және резидент еместердiң Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтармен операция жүргiзу ережелерiн белгiлейдi;

3) валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасынан мiндетті түрде аудару, әкелу, әкету және жiберу тәртiбiн белгiлейдi. Резиденттер үшiн Қазақстан Республикасына шетел валютасын мiндеттi түрде аудару тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ шетел банктерiнде Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң есепшоттарын ашу шарттарын айқындайды;

4) валюта туралы заңда көзделген валюта операцияларын жүргiзуге лицензиялар мен тiркеу куәлiктерiн бередi және оны беру, тiркеу ережелерiн белгiлейдi;

5) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының шетел валютасына шаққандағы бағамын реттейдi, оның iшiнде кеден және салық төлемдерi, сондай-ақ шетел валютасымен және қымбат металмен операция бойынша Қазақстан теңгесiнiң рыноктық құнын белгiлеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ресми бағамын белгiлеу жолымен реттейдi;

6) алтын-валюта активтерiмен операцияны қалыптастырады және жасайды;