Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған
жерлердің атаулары туралы 1999 ж. 26 шілдедегі N 456-1
Қазақстан Республикасының Заңы
Осы редакция 2004 жылғы 9 шілдедегі N 586-II Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 3 баптар)
2-тарау. Тауар таңбасын құқықтық қорғау және оны тіркеу шарттары (4 - 10 баптар)
3-тарау. Тауар таңбасының сараптамасы (11 - 13 баптар)
4-тарау. Тауар таңбасын тіркеу (14 - 18 баптар)
5-тарау. Тауар таңбасын пайдалану (19 - 22 баптар)
6-тарау. Тауар таңбасын тіркеудің қолданылуын тоқтату (23 - 24 баптар)
7-тарау. Тауарлар шығарылған жер атауларын құқықтық қорғау және (25 - 29 баптар)
оларды тіркеу шарттары 8-тарау. Тауар шығарылған жер атауына сараптама (30 - 32 баптар)
9-тарау. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын тіркеу (33 - 36 баптар)
және беру 10-тарау. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану (37 - 38 баптар)
11-тарау. Тауар шығарылған жер атауын құқықтық қорғаудың (39 - 40 баптар)
қолданылуын тоқтату 12-тарау. Тауар таңбаларын иелерінің құқықтарын және тауарлар (41 - 44 баптар)
шығарылатын жерлердің атауларын пайдалану құқықтарын қорғау 13-тарау. Қорытынды ережелер (45 - 48 баптар)
Осы Заң Қазақстан Республикасында тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын және тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бюллетень - тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау мәселелері жөніндегі Қазпатенттің ресми мерзімдік басылымы;