(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 22.11.99 Ж. № 587 БҰЙРЫҒЫ



Осы редакция ҚР Ішкі істер министрінің 10.12.02 ж. N 775 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

ҚР Ішкі істер министрлігінің 12.11.01 ж. N 787 бұйрығымен 10-тармақ жаңа редакцияда

10. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясы комитетi (бұдан әрi мәтiн бойынша - ЖП Комитетi) конкурстың ұйымдастырушысы болады.

ҚР Ішкі істер министрлігінің 12.11.01 ж. N 787 бұйрығымен 11-тармақ жаңа редакцияда

11. Конкурс Қазақстан Республикасының Ішкi iстер министрлiгi бекiткен кестеде белгiленген мерзiмдерде жыл сайын 1 ақпаннан 1 сәуiрге дейiнгi кезеңде өткiзiледi.

ҚР Ішкі істер министрлігінің 12.11.01 ж. N 787 бұйрығымен 12-тармақ өзгертілді

12. ЖП Комитетi конкурс өткiзу басталғанға дейiн кемiнде 30 күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы оны өткiзудің негiзгi шарттарын, тәртiбiн және мерзiмдерiн жариялайды.

ҚР Ішкі істер министрлігінің 12.11.01 ж. N 787 бұйрығымен 13-тармақ өзгертілді

13. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер конкурстық ұсыныстармен бiрге 1 ақпанға дейiн мерзiмде конкурсқа қатысуға жазбаша өтiнiш (1-қосымша) беруi тиiс.

14. Белгiленген мерзiмнен кеш түскен конкурстық ұсыныс конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi. Конкурсты ұйымдастырушы мерзiмiнде берiлген барлық конкурстық ұсыныстарды қабылдауға мiндеттi.

ҚР Ішкі істер министрлігінің 12.11.01 ж. N 787 бұйрығымен 15-тармақ өзгертілді

15. Конкурстық ұсыныстарды қарауды, бағалауды, техникалық байқаудың алдында көлiк құралдарын диагностикалауды жүргiзу үшiн жақсы жағдайы бар ұйымдар мен мекемелердi айқындауды конкурсты ұйымдастырушы құратын комиссия ашық жүзеге асырады. ЖП Комитетiнiң уәкiлеттiк берiлген қызметтерi комиссияның төрағасы болып табылады. Комиссияның құрамына келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнің, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiнің аумақтық органдарының өкiлдерi енгiзiледi.

16. Комиссия мүшелерiнiң саны жұп және 5 адамнан кем болмауы тиiс.

ҚР Ішкі істер министрлігінің 12.11.01 ж. N 787 бұйрығымен 17-тармақ өзгертілді

17. Конкурстық комиссия кейiннен бағалауды жүргiзетiн конкурстық ұсыныс мынадай мәлiметтердi:

1) техникалық байқаудың алдында көлiк құралдарының техникалық жай-күйiн диагностикалау жүргiзiлетiн станционарлық үйдiң, көлiк құралдарының диагностика желiлерi (постылары) арқылы өтуiнің жоспар - сызбасы келтiрiлген өндiрiстiк-техникалық алаңдардың болуын;

2) техникалық байқауға келген автомобильдердiң тұруы үшiн орынның, көрсетiлген үйге келу және кету жолдарының болуын;

3) диагностикалық жабдықтар мен бақылау-өлшеу аспаптарының болуын, олардың дұрыс жұмыс iстеуiн, оларды метрологиялық аттестациядан өткiзудiң және соңғы тексерудің уақыты мен мерзiмдiлiгiн;

4) диагностиканың желiлерi мен постыларының санын, көлiк құралдарының санаттары бойынша арналуын;

5) бiлiктi мамандардың болуын;

6) нормативтiк және техникалық құжаттамаларды;

7) санитарлық-техникалық жабдықтардың болуы мен жарамдылығын;

8) Техникалық қадағалау" автоматтандырылған ақпараттық iздеу жүйесiнiң жұмыс iстеуi үшiн жағдайлардың болуын;

9) көлiк құралдары туралы есептiк деректердiң базасымен жұмыс iстейтiн оператор үшiн, салық органдарының қызметкерi, техникалық байқаудың нәтижелерiн ресiмдеуге өкiлеттiк берiлген Жол полициясы қызметкерi үшiн орынның болуын қамтиды.

ҚР Ішкі істер министрлігінің 12.11.01 ж. N 787 бұйрығымен 18-тармақ өзгертілді

18. Конкурсты өткiзудiң белгiленген мерзiмiне дейiн жол полициясының аумақтық бөлiмшесiнiң бастығы немесе жол полициясының уәкiлеттi қызметкерлерi техникалық байқаудың алдында көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикалау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге өтiнiш берген ұйымдар мен мекемелердi тексерудi жүргiзуi тиiс.

ҚР Ішкі істер министрлігінің 12.11.01 ж. N 787 бұйрығымен 19-тармақ өзгертілді

19. Тексерудiң нәтижелерi бойынша техникалық байқаудың алдында көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикалау жөнiндегi қызметтi жақсарту жөнiнде ұйғарылып отырған iс-шараларды қоспағанда, қатысушының конкурстық ұсыныстарының әр тармағын осы Тәртiптiң 18-тармағына сәйкес тексеру жүргiзген адам растайды.

20. Қатысушы конкурстық ұсыныстардың барлық тармақтары бойынша толық және түпкiлiктi ақпарат ұсынуы тиiс.

21. Қатысушылардың конкурстық ұсыныстарын бағалауды және жеңiмпаздарды айқындауды конкурстық комиссия жүзеге асырады.

22. Облыстық бағыныстағы әрбiр қала, аудан бойынша конкурс жеке жүргiзiледi.

23. Облыстық бағыныстағы әр қала, аудан үшiн ұйымдар мен мекемелердiң диагностикалық желiлерiнің (постыларының) қажеттi санын оның алдындағы техникалық байқаудың қорытындылары бойынша пайдаланудағы көлiк құралдарының саны туралы деректердi ескере отырып Жол полициясы айқындайды.

ҚР Ішкі істер министрлігінің 12.11.01 ж. N 787 бұйрығымен 24-тармақ өзгертілді

24. Конкурс мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:

1) конкурстың алдында комиссияның төрағасы ол бойынша конкурс жүргізiлетiн қалада, ауданда тiркелген көлік құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауды уақтылы жүргiзу үшiн қажеттi ұйымдар мен мекемелердiң диагностикасы желiлерiнiң (постыларының) қажеттi санын жариялайды.

2) Конкурстық ұсыныстарды комиссия мүшелерi әрбiр ұйым, мекеме бойынша жеке қарайды. Комиссия мүшелерi конкурстық ұсыныстардың әр тармағы бойынша 5 баллдық жүйе бойынша дербес баға қояды, баға қоюдың мысалы осы Тәртiпке 2-қосымшада келтiрiлген.

3) Конкурстық ұсыныстар қаралғаннан және бағаланғаннан кейiн комиссия мүшелерi растаған бағалардың бланкілерi комиссияның хатшысына тапсырылады.

4) Конкурстық ұсыныстарды қараудың осындай рәсiмi конкурсқа барлық қалған қатысушылар үшiн жүргiзiледi.

5) Конкурстық комиссияның мүшелерi расталған нысандардың негiзiнде қатысушының қорытынды баллын жинақтайды және әр қатысушы бойынша комиссияның хатшысы хаттамада тiркейтiн жалпы жиынтық баллды айқындайды.

6) Комиссияның хатшысы жалпы жиынтық баллдардың нәтижелерi бойынша конкурстың нәтижелерiн және ашық конкурсты жеңiп алған және техникалық байқаудың алдында көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауды жүргiзу құқығын алған жеңiмпаздардың деректерiн жариялайды.

7) Бұл ретте барынша шектi мүмкiндiктiң 50%-нен кем жиынтық балл жинаған қатысушылар конкурстан автоматты түрде шығып қалады.

8) Егер ауданнан, қаладан конкурсқа тек бiр ұйым ғана ұсынылса, онда конкурста жеңу үшiн жалпы жиынтық балл шектi мүмкiндiктiң 50%-нен кем болмауы тиiс.

9) Комиссия отырысының нәтижелерi комиссия мүшелерi қол қоятын және төраға бекiтетiн хаттамамен ресiмделедi.

10) Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық комиссияның хаттамасының негізiнде конкурста жеңiске жеткен ұйымдар мен мекемелерге қолданылу мерзiмi келесi жылдың 31 наурызына дейiнгi Техникалық байқаудың алдында техника құралдарының техникалық жағдайын тексеруге рұқсат ету туралы куәлiк (3-қосымша) бередi.

11) Ұйымдар мен мекемелердiң конкурсқа қатысуға өтiнiшi болмаған не конкурстың жеңiмпаздары болмаған жағдайда аудандар мен қалаларда көлiк құралдарының техникалық жағдайын тексеру Жол полициясы ұйымдастырған, асфальт немесе бетон жабылған және автомобильдердiң техникалық жағдайын тексеруге арналған жабдықтары (эстакада, негiзгi жарықтың фарларын тексеруге арналған эран немесе аспап, газды талдаушы және т.б.) бар тегiс көлбеу алаңды бiлдiретiн техникалық бақылау пункттерiнде жүргiзiледi.