Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы Қазақстан
Республикасының 1999 ж. 10 желтоқсандағы N 493-І
Заңы
(ҚР 06.12.01 ж. N 260-11;09.03 ж. N 484-11 Заңдарымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 жылғы 23 желтоқсандағы N 20-III ҚР Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
I-Тарау. Жалпы ережелер (1 - 8 баптар)
2-тарау. Жеке еңбек шарты (9 - 31 баптар)
3-тарау. Ұжымдық шарт (32 - 35 баптар)
4-тарау. Қызметкерлердің жекелеген санаттарының (36 - 44 баптар)
еңбек қатынастарын реттеу 5-тарау. Жұмыс уақыты (45 - 52 баптар)
6-тарау. Демалыс уақыты (53 - 69 баптар)
7-тарау. Жалақы және еңбекті нормалау (70 - 79 баптар)
8-тарау. Қызметкерлерге кепілдіктер беру мен (80 - 88 баптар)
өтемақы төлеу 9-тарау. Жеке еңбек шарты тараптарының (89 - 92 баптар)
материалдық жауапкершілігі 10-тарау. Қызметкерлерді көтермелеу және жазалау (93 - 96 баптар)
шаралары 11-тарау. Еңбек даулары (97 - 101 баптар)
12-тарау. Осы заңның сақталуын бақылау (102 - 109 баптар)
Осы Заңды қолданысқа енгізу туралы ҚР 10.12.99 ж. N 494-І Заңын қараңыз
Осы Заң азаматтардың Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына конституциялық құқығын iске асыру процесiнде туындайтын еңбек қатынастарын реттейдi.
I-Тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
еңбек - адамдардың өмiрi үшiн қажеттi материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметi;
еңбек қатынастары - тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негiзiнде белгiлi бiр еңбек қызметiн жүзеге асыруы жөнiнде туындайтын жұмыс берушi мен қызметкер арасындағы қатынастар;
жұмыс берушiнiң актiлерi - жұмыс берушiнiң (жұмыс берушiлер өкiлiнiң) шығаратын актiлерi (бұйрықтар, өкiмдер, нұсқаулықтар, iшкi еңбек тәртiбiнiң ережелерi);