Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық
комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 20
желтоқсандағы N 1946 қаулысы
(ҚР Үкiметiнiң 03.07.00 ж. N 1010; 19.03.01 ж. N 357;
03.04.02 ж. N 397; 01.07.02 ж. N 712; 20.12.02 ж. N 1333
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 26.05.03 ж. N 489 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ғылым мен техника саласында бірыңғай саясатты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құрылсын.
2. Мыналар бекітілсін:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ереже (1-қосымша);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы (2-қоcымша).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының