(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау

операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекiту жөнiнде

Қазақстан Республикасының Ұлтық Банкі Басқармасы

1999 жылғы 15 қарашадағы N 400 Қаулысы



Осы редакция ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 25.07.03 ж. N 255 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды



Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргiзу тәртiбiн реттеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап 10 күннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.

2. Нұcқаулық күшiне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 1997 жылғы 25 шiлдедегi N 295 қаулысының және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 25 шiлдедегi N 295 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулықтың күшi жойылды деп танылсын.

3. Мемлекеттiк почта байланысының уәкiлеттi ұйымы Нұсқаулық күшiне енген күннен бастап бiр ай мерзiмде жұмыс iстеп тұрған айырбастау пункттерiнiң құжаттамасын және үй-жайын Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келтiрсiн.

4. Уәкiлеттi банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйымдар Нұсқаулық күшiне енген күннен бастап бiр ай мерзiмде сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасының тiзiмдеме журналының нысанын Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келтiрсiн.

5. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Қасымжанова Г.З.):

1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;

2) мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық филиалдарына жiберсiн.

6. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс басқармасы (Сембиев Н.К.) осы қаулыны және Нұсқаулықты Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысында жарияласын.

7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жүктелсiн.

Ұлттық Банк

Төрағасы

 Қазақстан Республикасының
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 1999 жылғы 15 қарашадағы
 N 400 қаулысымен бекітілген
 Тіркеу N_____
 Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен
 айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы
 нұсқаулық
 Ескерту. Мәтін бойынша "нотариалды куәландырылған" деген сөздер
 "нотариат растаған" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР
 Ұлттық банкі басқармасының 2000 жылғы 30 қазандағы
 N 401 бұйрығымен.

Осы Нұсқаулық "Валюталық реттеу туралы" 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Заң күшi бар Жарлықтарына сәйкес әзiрлендi.

Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргiзу тәртiбiн, сондай-ақ қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйымдарды, Қазақстан Республикасының аумағындағы олардың айырбастау пункттерi мен уәкiлеттi банктердiң айырбастау пункттерiн құру, қызметiн лицензиялау және тоқтату тәртiбiн белгілейдi.

 1-тарау. Жалпы ережелер
 1. Осы Нұсқаулықтың мақсаты үшiн мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) уәкiлеттi банктер - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға берген лицензиясы бар банктер;

2) уәкiлеттi ұйымдар - бiрден бiр қызметi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар;

3) уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктер - өз қызметiн қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға Ұлттық Банк берген лицензия негiзiнде жүзеге асыратын кредиттiк серiктестiктер;

4) пошта байланысының уәкiлеттi ұйымдары - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде құрылған және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиясы бар пошта байланысының ұйымдары;

5) банк операцияларының жекелеген тyрлерiн жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйымдар - осы тармақтың 2)-4) тармақшаларында аталған, банк болып табылмайтын заңды тұлғалар;

6) қолма-қол шетел валютасымен жасалатын айырбастау операциялары - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясына сәйкес жүзеге асырылатын, қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау операциялары;

7) айырбастау пункттерi - қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргiзуге арналған арнайы жабдықталған орын;

8) кросс бағам - екi шетел валютасының арасындағы бағамдық арасалмақ ол осы валюталардың Қазақстан теңгесiне қатысты бағамы негiзiнде айқындалады.

 Ескерту. 1-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының
 2000 жылғы 30 қазандағы N 401 бұйрығымен.

2. Жеке тұлғалардың - Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместерiнiң қолма-қол шетел валютасына сұранысын қанағаттандыру үшiн уәкiлеттi банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйымдар қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының аумағында айырбастау пункттерiн ашады.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының аумағындағы қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын лицензиялауға құқы бар бiрден бiр лицензиар болып табылады.

 2-тарау. Уәкiлеттi банктердің, уәкiлеттi кредиттік
 серiктестiктердің және почта байланысының уәкiлеттi
 ұйымдарының айырбастау пункттерiн құру тәртiбi

4. Уәкiлеттi банктер, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктер және почта байланысының уәкiлеттi ұйымдары қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын Ұлттық Банктiң лицензиясы негiзiнде жүзеге асырады.

5. Банктердiң, кредиттiк серiктестiктер мен почта байланысы ұйымдарының қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөнiндегi қызметiн лицензиялау тәртiбiн Ұлттық Банктiң жекелеген нормативтiк, құқықтық актiлерi белгiлейдi.

6. Уәкiлеттi банктердiң, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктердiң айырбастау пункттерi уәкiлеттi банктер, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктер бойынша қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргiзуге лицензия алғаннан кейiн шығарылған бұйрық негiзiнде ашылады. Уәкiлеттi банктер мен уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктер айырбастау пунктiн ашу туралы бұйрық шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей бұл туралы Ұлттық Банктiң филиалына бұйрықтың көшiрмесiн қоса тiркеп жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.

7. Почта байланысының уәкiлеттi ұйымдарының айырбастау пункттерi почта байланысының уәкiлеттi ұйымының бұйрығы негiзiнде ашылады. Ашылған кезде почта байланысының уәкiлеттi ұйымы үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей Ұлттық Банктiң филиалына осы Нұсқаулықтың 13 және 14-тармақтарына сәйкес бұйрықтың көшiрмесi мен құжаттар пакетiн тапсырады.

8. Уәкiлеттi банктердiң, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктердiң және почта байланысының уәкiлеттi ұйымдарының айырбастау пункттерi Ұлттық Банктiң филиалында мiндеттi түрде тiркелуге тиiс, тiркелген кезде әрбiр айырбастау пунктiне тiркеу куәлiгi берiледi (осы Нұсқаулыққа N 1 қосымша).

9. Ұлттық Банктiң филиалында тiркелу айырбастау пунктiнiң жұмыс iстеуiне негiздеме болады. Тiркеу куәлiгiн алғанға дейiн айырбастау пунктiнiң қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргiзуге құқы жоқ.

10. Ұлттық Банктiң филиалы уәкiлеттi банктiң (оның филиалының), уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктiң үй-жайынан айырбастау пунктiн ашу туралы хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде айырбастау пунктiнiң үй-жайының осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келуiн тексеруге және тексеру туралы тиiстi актiнi екi данада жасауға мiндеттi, оның бiреуi уәкiлеттi банкте, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiкте, ал екiншiсi Ұлттық Банктiң филиалында қалады.

Айырбастау пунктiнiң үй-жайы осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, Ұлттық Банктiң филиалы тексеру туралы актiде мерзiм белгілейдi, сол мерзiмнiң iшiнде уәкiлеттi банктiң, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктiң айырбастау пунктiнiң үй-жайы актiде көрсетiлген ескертулер ескерiле отырып, Нұсқаулықтың талаптарына сай болуға тиiс. Актіде көрсетiлген, анықталған ереже бұзуды жою үшiн белгiленген тексеру мерзiмi өткеннен кейiн, Ұлттық Банктiң филиалы айырбастау пунктiнiң үй-жайын қайта тексерiп, соның қорытындысы бойынша тағы да тексеру жөнiнде тиiстi актi жасайды.

11. Айырбастау пунктiнiң үй-жайлары осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келген жағдайда, Ұлттық Банктiң филиалы уәкiлеттi банктiң (оның филиалының), сондай-ақ уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктiң үй-жайында ашылатын айырбастау пунктiнiң үй-жайын тексерген күннен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде айырбастау пунктiн тiркейдi және тiркеу куәлiгiн бередi.

 Ескерту. 11-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының
 2000 жылғы 30 қазандағы N 401 бұйрығымен.

12. Айырбастау пунктi уәкiлеттi банктiң (оның филиалының), сондай-ақ уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктiң үй-жайынан тыс жерде, сондай-ақ почта байланысының уәкілеттi ұйымының айырбастау пунктi (орналасқан орнына қарамай) ашылған жағдайда, Ұлттық Банктiң филиалы жазбаша хабарлама мен осы Нұсқаулықтың 13 және 14-тармақтарына сәйкес құжаттардың толық пакетiн алған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде құжаттарды және айырбастау пунктiнiң үй-жайының осы Нұсқаулықта белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексеруге мiндеттi. Тапсырылған құжаттарға және айырбастау пунктiнiң үй-жайына қатысты ескерту болмаған жағдайда, Ұлттық Банктiң филиалы айырбастау пунктiн тiркейдi және тiркеу куәлiгiн бередi.

13. Уәкiлеттi банктiң (оның филиалының), уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктiң айырбастау пунктiн, сондай-ақ почта байланысының уәкiлеттi ұйымдарының айырбастау пунктiн (орналасқан орнына қарамай) тiркеу үшiн Ұлттық Банктiң филиалына мынадай құжаттар тапсыру қажет:

 1) айырбастау пунктiн тiркеуге берген өтiнiш;

2) уәкiлеттi банкке, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiкке, почта байланысының уәкiлеттi ұйымына қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциясын ұйымдастыруға берген лицензиясының көшiрмесi;

3) жалдау шартының түпнұсқасы немесе нотариат растаған көшiрмесi немесе уәкiлеттi банктiң, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктiң, почта байланысының уәкiлеттi ұйымының айырбастау пунктiнiң үй-жайына иелiк ету құқығын растайтын құжаттың түпнұсқасы. Мұндай кезде жалдау шартында жалдау үйiнiң қандай мақсатқа пайдаланылатыны көрсетiлуге тиiс;

4) айырбастау пунктiнiң күзет және өрт дабылы құралдарын пайдалануға қабылдап алу актiсiнiң түпнұсқасы немесе нотариат растаған көшiрмесi;

Айырбастау пунктiнiң үй-жайы бұрын күзет және өрт дабылының құралдарымен жабдықталған жағдайда, айырбастау пунктiнiң күзет және өрт дабылы құралдарының техникалық жай-күйiн тексеруден өткiзу актiсiнiң түпнұсқасы немесе нотариат растаған көшiрмесi;

5) Айырбастау пунктiн тиiстi қарулы күзет қызметi күзеткен жағдайда, Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiнiң осы қызметтiң түрiн жүзеге асыруға берген лицензиясының көшiрмесi қоса тiркелген айырбастау пунктiн күзету шартының түпнұсқасы немесе нотариат растаған көшiрмесi;

Айырбастау пунктiнiң үй-жайын күзетудi уәкiлеттi банктiң, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктiң, почта байланысының уәкiлеттi ұйымының өз қауiпсiздiк қызметi жүзеге асырған жағдайда, айырбастау пунктiн күзету уәкiлеттi банктiң, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктiң, почта байланысының уәкiлеттi ұйымының өз қауiпсiздiк қызметiне жүктелсiн деген бұйрықтың көшiрмесi және уәкiлеттi банктiң, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктiң және почта байланысының уәкiлеттi ұйымының оларды күзетуге арналған құрылымдық бөлiмшесi туралы ереженiң көшiрмесi.

Айырбастау пунктiнде қарулы күзет болмаған жағдайда, айырбастау пунктiнiң қауiп дабылы құралдарын пайдалануға қабылдап алу туралы актiнiң түпнұсқасы немесе нотариат растаған көшiрмесi.

Егер айырбастау пунктiнiң үй-жайы бұрын қауiп дабылы құралдарымен жабдықталмаған болса - айырбастау пунктiнiң қауiп дабылы құралдарының техникалық жағынан тексеруден өткенi жөнiндегi актiнiң түпнұсқасы немесе нотариат растаған көшiрмесi.

14. Уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктер және почта байланысының уәкiлеттi ұйымдары осы Нұсқаулықтың 13-тармағында көзделген құжаттарға қосымша мынадай құжаттар тапсырады:

1) айырбастау пунктi қызметкерлерiнiң қолма-қол шетел валютасымен жұмыс iстеу жөнiндегi дайындық курстан өткендiгi туралы уәкiлеттi банктiң құжатының түпнұсқасы немесе нотариат растаған көшiрмесi немесе қолма-қол шетел валютасымен кем дегенде 1 жылдық жұмыс тәжiрибесiн растайтын, тiркелген құжаттың түпнұсқасы немесе нотариат растаған көшiрмесi;

2) уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктiң және почта байланысының уәкiлеттi ұйымы басшысының айырбастау пунктiнiң кассирлiк қызметiне тағайындау туралы бұйрығының көшiрмесi тапсырылады.

 Ескерту. 14-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының
 2000 жылғы 30 қазандағы N 401 бұйрығымен.

15. Облыс аумағында орналасқан уәкілеттi банктердiң, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктердiң және почта байланысының уәкiлеттi ұйымдарына Ұлттық Банктiң филиалы айырбастау пункттерiне тiркелген кезде ретi көрсетiлген тiркеу нөмiрi беріледi.

Уәкiлеттi банктердiң, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктердiң және почта байланысының уәкiлеттi ұйымдарының айырбастау пункттерiн есепке алу (тiркеу, қайта тiркеу) жеке тiзiлiмдерде жүргiзiледi.

16. Ұлттық Банк филиалы айырбастау пунктiнiң тапсырылған құжаттары және үй-жайы осы Нұсқаулықта көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда уәкiлеттi банктiң, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктiң және почта байланысының уәкiлеттi ұйымының айырбастау пунктiн тiркеуден бас тартуға құқы бар.

17. Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға жаңа лицензия алған жағдайда, уәкiлеттi банк, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiк және почта байланысының уәкiлеттi ұйымы оның көшiрмесiн отыз күнтiзбелiк күн iшiнде Ұлттық Банктiң филиалына тапсыруға мiндеттi.

Ұлттық Банктiң филиалы уәкiлеттi банктiң, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктiң және почта байланысының уәкiлеттi ұйымының айырбастау пункттерiн осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес қайта тiркейдi және тiркелгенi туралы куәлiк бередi.

 Ескерту. 17-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының
 2000 жылғы 30 қазандағы N 401 бұйрығымен.

18. Уәкiлеттi банктiң, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктiң, пошта байланысы уәкiлеттi ұйымының айырбастау пунктiн ашуға берiлген тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген көшелердiң атаулары, үйлердiң номерлерi және т.б. өзгерген кезде Ұлттық Банктiң филиалы айырбастау пунктiн қайта тiркейдi.

Айырбастау пункттерiн қайта тiркеу айырбастау пунктiнiң үй-жайларына тексеру жүргiзбей-ақ және iс қағазында бар құжаттарды қайта ұсынбай-ақ осы Нұсқаулықта айырбастау пункттерiн тiркеу үшiн көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

Уәкiлеттi банктiң, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктiң үй-жайларынан тыс жерде орналасқан айырбастау пунктiнiң, сондай-ақ пошта байланысы уәкiлеттi ұйымының айырбастау пунктiнiң (орналасқан жерiне қарамастан) үй-жайларының орнын ауыстырғанмен айырбастау пунктiнiң мекен-жайы өзгермейтiн болса, уәкiлеттi банк, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiк, пошта байланысының уәкiлеттi ұйымы бұл жөнiнде Ұлттық Банктiң филиалына он жұмыс күнi iшiнде жазбаша хабарлауға, осы Нұсқаулықтың 13-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлген құжаттарды және дабыл беру құралдарын (айырбастау пунктiнде қарулы күзет болмаса) пайдалануға қабылдау (техникалық жай-күйiн тексеру) актiсiнiң түпнұсқасын немесе нотариат растаған көшiрмесiн қоса ұсынуға мiндеттi.

 Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық банкі
 басқармасының 2000 жылғы 30 қазандағы N 401
 бұйрығымен.
 3-тарау. Уәкiлеттi ұйымдарды құру және лицензиялау
 және олардың айырбастау пункттерiн ашу тәртiбi

19. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын Ұлттық Банктiң қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға берген лицензиясы бар, бiрден бiр қызметi қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жасау болып табылатын уәкiлеттi ұйымдар жүзеге асыра алады.

20. Уәкiлеттi ұйымдардың жарғылық капиталы Қазақстан теңгесiмен құрылтайшылардың жарнасы есебiндегi ақшадан ғана қалыптастырылады және ол лицензияны алар кезде толық көлемде салынуға тиiс.

Уәкiлеттi ұйымның жарғылық капиталының ең аз мөлшерiн Ұлттық Банк белгiлейдi.

21. Уәкiлеттi ұйымды жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк түрiнде ғана құруға болады.

22. Уәкiлеттi ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерлерде де филиал, өкiлдiк және еншiлес кәсiпорындар құруға, сондай-ақ басқа заңды тұлғаларды құруға немесе олардың жарғылық капиталына қатысуға құқығы жоқ.

23. Жеке және заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттерi және резидент еместерi уәкiлеттi ұйымның құрылтайшылары бола алады, ал мыналар ол ұйымның мүшесi бола алмайды:

 1) өкiлдiк, атқарушы және сот билiгi органдары;

2) жарғылық капиталының елу проценттен астамы мемлекет иелiгiндегi ұйымдар;

3) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру үшiн берiлген лицензиясы осы Нұсқаулықтың 37-тармағының 1)-4), 7) тармақшаларында көзделген негiз бойынша қайтарып алынған, бұрын уәкiлеттi ұйымның немесе уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктiң құрылтайшылары (құрылтайшыларының бiрi) болған адамдар. Бұл норма қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру үшiн берiлген лицензиясы мемлекеттiк тiркеуге берiлген рұқсатты немесе қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру үшiн берiлетiн лицензияны алуға құжат тапсырғанға дейiн 3 жыл бұрын қайтарылып алынған уәкiлеттi ұйымның немесе уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктiң құрылтайшылары (құрылтайшыларының бiрi) болған адамдарға қолданылмайды.

24. Уәкiлеттi ұйымды әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеу рұқсатын (бұдан әрi - рұқсат) осы Нұсқаулықтың N 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктiң филиалы бередi.

Ұлттық Банктiң филиалдары тiркеу журналдарында берiлген рұқсаттардың есебiн жүргiзiп отырады.

 Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық банкі
 басқармасының 2000 жылғы 30 қазандағы N 401
 бұйрығымен.

25. Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өтуге рұқсат алу үшiн уәкiлеттi ұйымның құрылтайшылары Ұлттық Банктiң филиалдарына мынадай құжат тапсырады:

1) әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өтуге рұқсат алу үшiн берiлетiн өтiнiш;

2) жарғының мемлекеттік және орыс тiлдерiндегi нотариат растаған көшiрмесi;

3) осы Нұсқаулықтың N 3 қосымшасына сәйкес үлгi бойынша құрылтайшылар туралы мәлiметтер;

4) құрылтайшылардың құрамына осы Нұсқаулықтың 23-тармағында көрсетiлген адамдардың кiрмейтiндiгi туралы жазбаша растау.

 Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық банкі
 басқармасының 2000 жылғы 30 қазандағы N 401
 бұйрығымен.

26. Ұлттық Банктiң филиалы құжаттар толық түскен күннен бастап 20 жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттарды қарайды және уәкiлеттi ұйым құрылтайшыларының (қатысушыларының) қолданылып жүрген заңдардың және осы Нұсқаулықтың талаптарына сай болуын тексередi. Ұлттық Банктiң филиалы ұсынған құжаттарды қарау және құрылтайшыларды тексеру нәтижелерi бойынша рұқсат бередi немесе бас тарту себептерiн көрсете отырып рұқсат беруден бас тартады. Құжаттар жазбаша ескертпелермен қайтарылған жағдайда, уәкiлеттi орган құжаттарды қайтадан ұсынғаннан кейiн оларды қарау мерзiмi қайта есептелетiн болады.

 Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық банкі
 басқармасының 2000 жылғы 30 қазандағы N 401
 бұйрығымен.

27.

 Ескерту. 27-тармақ алынып тасталынды - ҚР Ұлттық банкі
 басқармасының 2000 жылғы 30 қазандағы N 401
 бұйрығымен.
 28. Ұлттық Банктiң филиалы рұқсат беруден бас тартуға құқылы, егер:

1) жарғы қолданылып жүрген заңдарға және осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келмесе;

2) уәкiлеттi ұйымның құрылтайшылары (құрылтайшыларының бiреуi) осы Нұсқаулықтың 23 тармағында көрсетiлген адамдар болса;

3) берiлген құжаттар пакетi осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келмесе.

 Ескерту. 28-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының
 2000 жылғы 30 қазандағы N 401 бұйрығымен.

29.

 Ескерту. 29-тармақ алынып тасталынды - ҚР Ұлттық банкі
 басқармасының 2000 жылғы 30 қазандағы N 401
 бұйрығымен.

30. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргiзу үшiн заңды тұлғалар Ұлттық Банктiң лицензиясын алуға тиiс.

31. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргiзу үшiн заңды тұлғалар мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн бiр жылдан кешiктiрмей Ұлттық Банктiң филиалына мынадай құжаттар тапсырады:

1) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру үшiн берiлетiн лицензияны беру туралы өтiнiш;

2) заңды тұлғаның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өткенi туралы куәлiгiнiң нотариат растаған көшiрмесi;

3) жарғының мемлекеттік және орыс тілдерiндегi нотариат растаған көшiрмесi;

4) қызмет көрсететiн банктiң уәкiлеттi ұйымның жарғылық капиталына қаражаттың толық мөлшерде салынғанын растайтын құжаты;

 5) салық төлеушi куәлiгiнiң көшiрмесi;

6) жалға беру шартының түпнұсқасы немесе нотариат растаған көшiрмесi немесе уәкiлеттi ұйымның алған үй-жайына меншiк құқығын растайтын құжаттың түпнұсқасы. Сонымен қатар жалға алу шарты жалға алынатын үй-жайдың мақсатқа пайдаланылуы көрсетiлуге тиiс;

7) айырбастау пунктiнiң күзет және өрт дабылының құралдарын пайдалануға қабылдап алу актiсiнiң түпнұсқасы немесе нотариат растаған көшiрмесi.

Айырбастау пунктiнiң үй-жайы күзет және өрт дабылының құралдарымен бұрын жабдықталған жағдайда, айырбастау пунктiнiң күзет және өрт дабылы құралдарының техникалық жай-күйiн тексеруден өткiзу актiсiнiң түпнұсқасы немесе нотариат растаған көшiрмесi;

8) Айырбастау пунктiнiң күзетiн қарулы күзеттiң тиiстi қызметi жүзеге асырған жағдайда, айырбастау пунктiн күзету шартының Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң қызметтiң осы түрiн жүзеге асыруға берген лицензиясының нотариат растаған көшiрмесi қоса тiркелген түпнұсқасы немесе нотариат растаған көшiрмесi;

Айырбастау пунктiнде қарулы күзет болмаған жағдайда, айырбастау пунктiнiң қауiп-қатер дабылы құралдарын пайдалануға қабылдап алу туралы актiнiң түпнұсқасы немесе нотариат растаған көшiрмесi.

Егер айырбастау пунктiнiң үй-жайы бұрын қауiп-қатер дабылы құралдарымен жабдықталған болса - айырбастау пунктiнiң қауiп-қатер дабылы құралдарының техникалық жай-күйiн тексеру актiсiнiң түпнұсқасы немесе нотариус куәландырылған көшiрмесi;

9) Айырбастау пунктi қызметкерлерiнiң қолма-қол шетел валютасымен жұмыс iстеу жөнiндегi дайындық курстан өткендiгi туралы уәкiлеттi банк құжатының түпнұсқасы немесе нотариат растаған көшiрмесi немесе қолма-қол шетел валютасымен кем дегенде 1 жылдық жұмыс тәжiрибесiн растайтын, тiркелген құжаттың түпнұсқасы немесе нотариат растаған көшiрмесi;