Экономиканы? басым секторларында инвестициялы? ?ызметтi ж?зеге

Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметтi жүзеге

асырушы инвесторлармен келiсiм-шарт жасау кезiнде жеңiлдiктер

мен пұрсаттылық беру рәсiмдерiн жетiлдiру туралы Бұйрық

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар

жөніндегі комитеті төрағасының 2000 жылғы 14 сәуір N 01/7



Осы редакция ҚР Индустрия және сауда министрлігі инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 09.12.02 ж. N 240-П бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды



Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметтi жүзеге асырушы инвесторлармен келiсiм-шарт жасау кезiнде жеңiлдiктермен пұрсаттылық беру Ережесiн бекiту туралы" 2000 жылдың 6 наурызындағы N 349 Жарлығын орындау үшiн жеңiлдiктер мен пұрсаттылық беру рәсiмдерiн жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

 1. Қоса берiлген:

1) "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметтi жүзеге асырушы инвесторлармен келiсiм-шарт жасау кезiнде жеңiлдiктер мен пұрсаттылық берудiң мөлшерi мен тәртiбi туралы" нұсқау (Қосымша 1);

2) Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметтi жүзеге асырушы инвесторлар мен келiсiм-шарт жасау кезiнде жеңiлдiктер мен пұрсаттылық алуға арналған Өтiнiмнiң нысаны бекiтiлсін (Қосымша 2).

3) 2002 жылға дейiнгi отандық және шетелдiк тiкелей инвестицияларды тартудағы ең маңызды өндiрiстер тiзбесi (3 Қосымша).

 Ескерту: Бірінші тармақ толықтырылды - ҚР Инвестициялар жөніндегі
 агенттігінің 2000 жылғы 22 мамырдағы N 01/31
 бұйрығымен.

2. Заңда белгiленген тәртiпте "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметтi жүзеге асырушы инвесторлармен келiсiм-шарт жасау кезiнде жеңiлдiктер мен пұрсаттылық берудiң мөлшерi мен тәртiбi туралы" нұсқау Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен келiсiлсiн.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.