Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Ботаника
және фитоинтродукция институты" республикалық мемлекеттiк
қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 5 шілде N 1018
Осы редакция ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. N 1111 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Елiмiздiң ұлттық байлығы болып табылатын өсiмдiктердiң тектiк қорын сақтау және байыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Ботаника және фитоинтродукция институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) оған Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Алтай ботаникалық бағы", "Iле ботаникалық бағы", "Жезқазған ботаникалық бағы", "Маңғыстау эксперименталдық ботаникалық бағы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарын қосу арқылы қайта ұйымдастырылсын.