(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰБ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 16.05.00 Ж. № 210 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасындағы банктердi ерiктi тарату ережесiн бекiту

туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 ж.

16 мамырдағы N 210 Қаулысы

(ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 16.03.02 ж.N 89

қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)



Осы редакция ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасы Төрағасының 19.01.04 ж. N 10 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды



Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасындағы банктердi ерiктi тарату ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.

2. Қазақстан Республикасындағы банктердi ерiктi тарату ережесi ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн пайда болған қатынастарға қолданылады. Қазақстан Республикасындағы банктердi ерiктi тарату ережесi енгiзiлгенге дейiн пайда болған қатынастар ереже күшiне енгiзiлгеннен кейiн пайда болатын құқықтар мен мiндеттерге қолданылады.

3. Банктердi тарату iсiн бақылау басқармасы (Бадырленова Ж.Р.) және Банктердi қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасындағы банктердi ерiктi тарату ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын.

4. Банктердi тарату iсiн бақылау басқармасы (Бадырленова Ж.Р.) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апта мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасындағы банктердi ерiктi тарату ережесiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық филиалдарына жiберсiн.

5. Банктердi қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апта мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасындағы банктердi ерiктi тарату ережесiн екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.

6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық филиалдары осы қаулыны және Қазақстан Республикасындағы банктердi ерiктi тарату ережесiн ерiктi түрде таратылатын банктердiң тарату комиссиясына жiберсiн.

7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.З. Нәлiбаевқа жүктелсiн.

Ұлттық Банк

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2000 жылғы 16 мамырдағы

N 210 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасындағы

банктерді ерікті тарату

ЕРЕЖЕСІ

ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 16.03.02 ж. N 89 қаулысымен кіріспе толықтырылды

Осы Ереже Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) банкті ерікті таратуға рұқсат беру тәртібін; банкті ерікті тарату тәртібін; ерікті таратылатын банктің тарту комиссиясы (бұдан әрі - тарту комиссиясы) қызметінің ерекшелігін; ерікті түрде таратылатын банк кредиторларының комитетін (бұдан әрі - кредиторлар комитеті) құрудың және қызметінің ерекшелігін анықтайды.

1-тарау. Жалпы ережелер

ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 16.03.02 ж. N 89 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" және "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген.

ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 16.03.02 ж. N 89 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді

2. Осы Ереже екінші деңгейдегi банктердi тарату үшiн қолданылады.

3. Мемлекетаралық банктерді тарату ерекшелiктерi осы банктердi құру туралы халықаралық шарттарда (келiсiмдерде) және олардың құрылтай құжаттарында айқындалады.

4. Банктерді ерікті түрде таратқан кезде банктер қызметінің тоқтатылғанын тiркеу Қазақстан Республикасы Президентінің "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" Заң күші бар Жарлығында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

2-тарау. Ұлттық банктің банкті ерікті тартуға рұқсат

беру тәртібі

5. Банк акционерлердің жалпы жиналысының шешімі негізінде Ұлттық банкке банкті ерікті таратуға рұқсат беру туралы өтініш беруге құқылы.

ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 16.03.02 ж. N 89 қаулысымен 6-тармақ толықтырылды

6. Ерікті тарату туралы өтінішке акционерлердің жалпы жиналысы уәкілеттік берген адам қол қойып, мынадай құжаттармен бірге Ұлттық Банкке ұсынады:

1) тарату себептерін міндетті түрде көрсете отырып, банкті ерікті тарату туралы акционерлердің жалпы жиналысының шешімі;

2) акционерлердің жалпы жиналысы бекіткен банктің өз қызметін тоқтату дайындығының мерзімдері мен кезеңдері туралы іс-шаралар тізбесі (жоспар және кесте);

3) Банктің өз міндеттемелері бойынша есеп айырысуды жүзеге асыруға қаражатының жеткіліктілігіне куә болатын, соңғы есеп беру күніне жасалған баланстық есебі;

4) банк қызметіне аудит жүргізуге Ұлттық Банктің лицензиясы бар тәуелсіз аудиторлық ұйым растаған банк активтерінің құнын бағалау туралы есеп.

Ерікті тарату туралы өтініште өзінің барлық кредиторларының талаптарын толық қанағаттандырғаны туралы банктің міндеттемесі болуы керек.

7. Банкті ерікті таратуға рұқсат алу туралы өтінішті Ұлттық Банк тиісті түрде ресімделген барлық құжаттарды қабылдаған күннен бастап екі ай ішінде қарауға тиіс.

Қажет болған жағдайда Ұлттық банк банкке тарату жоспары мен кестесін қайта қарауды ұсынуға немесе басқа да қажетті мәліметтер (құжаттар) сұратуға құқылы.

8. Банкті ерікті таратуға рұқсат беру туралы шешімді Ұлттық Банктің Басқармасы қабылдайды және егер Басқарманың қаулысында басқаша белгіленбеген болса, ол қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

9. Ұлттық Банк ерікті таратуға рұқсат беруден бас тартқан жағдайда бұл жөнінде Ұлттық Банк Төрағасының не оның орынбасарының қолы қойылған дәлелді шешім шығарылып, банкке жіберілуге тиіс.

10. Ұлттық Банк мынадай негіздердің кез келгені бойынша ерікті таратуға рұқсат беруден бас тартады:

1) берілген құжаттардың толық болмауы немесе тиісінше ресімделмеуі;

2) банктің өз міндеттемелері бойынша есептесуі үшін қаражатының жетіспеуі.

3-тарау. Банкті ерікті тарату тәртібі

ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 16.03.02 ж. N 89 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді

11. Банк Ұлттық банктің ерікті тарату туралы рұқсатын алғаннан кейін он күндік мерзімде:

1) заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асыратын әділет органына банктің ерікті таратылғаны туралы жазбаша хабарлауға;

2) орталық әділет органының ресми басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде, шағым-талап ұсыну тәртібі мен мерзімі және өз талаптарын қоюға құқылы банк кредиторлары үшін мекен-жайы міндетті түрде көрсете отырып, банктің ерікті таратылатыны туралы ақпарат жариялауға міндетті.

Шағым-талап өтінішінің мерзімі тарату туралы ақпарат жарияланған кезден бастап екі айдан кем болмауға тиіс.

ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 16.03.02 ж. N 89 қаулысымен 12-тармақ толықтырылды

12. Ерікті тарату жөнінде Ұлттық Банктің рұқсатын алғаннан кейін банк акционерлерінің жалпы жиналысы оның филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып бір айлық мерзімде тарту комиссиясын құруға міндетті, оған банктің мүлкі мен ісін басқару жөніндегі өкілеттіктер көшеді.

ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 16.03.02 ж. N 89 қаулысымен ереже жаңа 12-1-тармақпен толықтырылды

12-1. Кредиторлардың комитеті құрылғанға дейін тарату шығыстарының сметасын, оған қоса тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне төленетін негізгі және қосымша төлемдердің мөлшерін акционерлердің жалпы жиналысы бекітуі мүмкін.

13. Банктегі тарату ісі банктің тарату комиссиясы құрылған күннен басталады деп есептеледі.

ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 16.03.02 ж. N 89 қаулысымен 14-тармақ өзгертілді

14. Банктің тарту комиссиясы тағайындалған күннен бастап банкті тарату ісін аяқталғанға дейін:

1) осы Ережеде көзделген жағдайларды ескермегенде, ерікті таратылатын банктің акционерлерінің жалпы жиналысының, басқа да органдарының және лауазымды адамдарының өкілеттіктері, оның ішінде мүлікке билік жүргізу және міндеттемелерді өтеу жөніндегі, олардың банкті басқару жөніндегі құқықтары жойылады;

2) егер банктің тарату комиссиясының төрағасы таратылатын банктің атынан немесе есебінен жүзеге асырылатын іс-қимыл жасаса, не ондай іс-қимылды өзіне берілген сенімхат бойынша жасаған жағдайда ғана заңды күші болады;

3) таратылатын банктің барлық борыштық міндеттемелерінің мерзімі өтті деп саналады;

4) таратылатын банктің кредиторлық берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбы мен сыйақы (мүдде) есептеу тоқтатылады;

5) таратылатын банктің мүлкін өндіріп алуға өтініш берудің барлық заңдық шектеулері алынып тасталады;

6) банкке қатысты мүліктік сипаттағы барлық талаптар осы сәттен бастап банктің тарату комиссиясының атына ғана ұсынылатын және осы Ережеде, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдарда белгіленген тәртіппен қаралатын болады.

15. Тарату комиссиясы кредиторларды анықтау және олардың талаптарын қанағаттандыру, сондай-ақ банк дебиторларынан берешекті алу жөнінде шаралар қабылдайды.

16. Банкті ерікті таратуға байланысты барлық шығыстар осы банктің қаражаты есебінен жұмсалады.

Ұлттық Банктің тарату бойынша банкті қаржыландыруына тыйым салынады.

4-тарау. Тарату комиссиясы

ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 16.03.02 ж. N 89 қаулысымен 17-тармақ толықтырылды

17. Тарату комиссиясы тағайындалған кезден бастап оған таратылатын банктің ісін және мүлкін басқару жөніндегі барлық өкілеттіктер көшеді.

Тарату комиссиясы банк ісін аяқтау үшін, оның ішінде оның кредиторларымен және акционерлерімен есеп айырысуын қамтамасыз ету жөнінде шара қабылдайды.

Тарату комиссиясы таратылатын банктің атынан және өз құзырына енетін мәселелер бойынша шешім қабылдаған кезде өздігінен іс-қимыл жасайды.

Тарату комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді.

18. Банктің тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының жұмысын басқарады, оның қызметі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылуына жауап береді, сондай-ақ банктің тарату комиссиясының құрамына өзгерістер енгізеді.

Банктің тарату комиссиясының төрағасы болмаған кезде оның міндетін орынбасары атқарады.

19. Тарату комиссиясының төрағасын қызметтен босату және қызметке тағайындау банк акционерлерінің жалпы жиналысының ерекше құзырына жатады.

ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 16.03.02 ж. N 89 қаулысымен 20-тармақ өзгертілді және толықтырылды

20. Банктің филиалдары және (немесе) өкілдіктері болған жағдайда, оларды тұрған жерінде құрылатын тарату комиссиясының арнайы бөлімшесі (бұдан әрі - арнайы бөлімше) таратады.

Бөлімшенің құрамы тарату комиссиясының мүшелерінен құралады және тарату комиссиясының төрағасы бекітеді.

ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 16.03.02 ж. N 89 қаулысымен 21-тармақ толықтырылды және өзгертілді

21. Бөлімшені оның тарату комиссиясы мүшелерінің ішінен тағайындалатын басшысы басқарады (бұдан әрі - бөлімше басшысы).

Бөлімше басшысы өз қызметін тарату комиссиясының төрағасы берген сенімхат негізінде жүзеге асырады.

Бөлімше басшысы және бөлімше тарату комиссиясының төрағасына есеп береді.

ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 16.03.02 ж. N 89 қаулысымен 22-тармақ толықтырылды

22. Бөлімше басшысы бөлімше қызметі үшін және банк филиалын және (немесе) өкілдігін таратуды жүзеге асырғаны үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жауап береді.

23. Тарату комиссиясы мүшесінің, бөлімше басшысының, тарату комиссиясына тартылған қызметкердің құқықтары мен міндеттері, оған қоса еңбекақы төлеу шарттары тарату комиссиясының төрағасымен жасалатын жеке еңбек шартында (контрактіде) анықталады.

Жұмысқа қабылдау банктің тарату комиссиясы төрағасының бұйрығымен ресімделеді.

ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 16.03.02 ж. N 89 қаулысымен ереже жаңа 23-1-тармақпен толықтырылды

23-1. Тарату комиссиясының төрағасы оралымды басқаруды жүзеге асырады, бөлімше басшыларының жұмысын және бөлімшелердің қызметін бақылайды.

24. Тарату комиссиясының төрағасы, бөлімше басшысы және тарату комиссиясының мүшелері банкке келтірген зиян үшін, өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін, сондай-ақ олардың банкті тарату ісінде жол берген басқа да құқық бұзушылықтары үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленгендей жауап беретін болады.

ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 16.03.02 ж. N 89 қаулысымен 25-тармақ жаңа редакцияда жазылды

25. Банк шығарған акциялар жиынтығының бес немесе одан да көп процентін иеленуші таратылатын банк акционерлері банктің тарату комиссиясының құрамында өз өкілдерін ұстауға құқылы.

ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 16.03.02 ж. N 89 қаулысымен 26-тармақ толықтырылды және өзгертілді

26. Тарату комиссиясы:

1) банк басшылығынан құжаттар мен құндылықтарды қабылдау-өткізу туралы қажетті актілер жасай отырып, банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияны, банкті тіркеу жөніндегі құжаттарды, таратылатын банктің мөрлерін, мөртабандарын, ақпараттың электрондық жеткізгіштерін, бағдарламалық қамтамасыз етуді, бланкілерін және басқа да құжаттарын тез арада өткізуін талап етеді;

2) банк активтерін қабылдайды;

2-1) кредиторлардың тізімін жасайды, қолда бар құжаттар бойынша олардың мекен-жайын анықтайды және талдау есебіндегі деректермен салыстырып тексереді;

3) банктің ерікті таратылғаны туралы оның кредиторларына жазбаша хабарлайды;

3-1) кредиторлар туралы мәліметтер болмаған жағдайда қолда бар деректерді және жазбаша хабарлауға болмайтын себептерді көрсете отырып акт жасайды;

3-2) тарату комиссиясының құрылу күніне қарай электрондық түрдегі қолда бар есептік-бухгалтерлік ақпаратты басып шығаруды жүзеге асырады. Электрондық түрдегі мұндай ақпарат болмаған жағдайда қағаз жазбадағы ақпарат негізге алынады;

4) банкте тарату ісі басталған кезден бастап 10 жұмыс күні ішінде корреспонденттік есепшоттарды, корреспонденттік есепшоттардың жабылуын, касса ревизиясын салыстырып тексереді;

5) таратылатын банктің теңгемен және шетел валютасымен ағымдағы есепшотын (бұдан әрі - таратылатын банктің ағымдағы есепшоты) ашады;

6) таратылатын банктің ағымдағы есепшоты ашылған банктерге және Ұлттық Банктің тиісті облыстық филиалдарына банктің атынан қол қоюға құқылы лауазымды адамдардың қол қою үлгілері бар жаңа карточкалар ұсынады;

7) банк кассасындағы, оның айырбастау пункттеріндегі ақша қалдығын таратылатын банктің ағымдағы есепшотына аударады;

8) банк операцияларын жүргізуге берілген банк лицензияларының қайтарып алу туралы, банкті ерікті таратуға рұқсат беру туралы Ұлттық Банк басқармасы қаулыларының көшірмелерін, банктің тарату комиссиясын тағайындау туралы акционерлердің жалпы жиналысының шешімін банк клиенттері көре алатын жерге орналастырады;

9) банк активтерін анықтайды және оның таратылу мақсатын ескере отырып, меншік иесінің және жоғары органдардың өкілеттіктері шегінде оның барлық активтерін басқарады;

10) тарату және банк қызметін аяқтау мақсатында сәйкес банктің атынан оның басшысының міндетін атқарады;

11) банктің активтері мен мүлкін резервке алады, сондай-ақ көпшілік сауда-саттықта оның мүлкін сатады;

12) әрбір кредитор, оның талаптарының мөлшері, әрбір талапты қанағаттандыру кезектілігі туралы мәліметтер көрсетілуге тиісті кредиторлар талаптарының тізілімін жүргізіп отырады;

13) өз қызметі мен міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін контракт бойынша қажетті қызметкерлерді жалдайды;

14) таратылатын банктің қаржы жағдайын ескере отырып, оның қызметкерлеріне жалақы белгілейді;

15) банк қызметкерлерін еңбек заңдарына сәйкес жұмыстан босатады;

16) банкті таратудың барлық кезеңі ішінде банк құжаттары мен мүлкінің, сондай-ақ банкке кепілдікті қамтамасыз ету ретінде берілген өзге де мүліктердің сақталуы жөнінде шаралар қабылдайды;

16-1) бағдарламалық қамтамасыз ету мен ақпараттың электрондық жазбаларының, сондай-ақ банктің басқа ақпаратының сақталуын қамтамасыз етеді;

16-2) толық материалдық жауапкершілік жүктелген адамдардың тобын, оның ішінде банктің бухгалтерлік есебін жүргізу мен қаржылық және басқа есебін өңдеудің электронды жүйесіне кіру рұқсаты бар адамдарды белгілейді;

17) таратылатын банктің атынан және оның мүддесі үшін талап қояды, банк алдындағы барлық міндеттемелердің есебін жүргізеді, таратылатын банктің ағымдағы есепшотындағы банкке тиесілі ақшаны жинақтайды;

18) банк кредиторлары талаптарының заңдылығын айқындайды және орынды деп танылған талаптарды аралық балансқа сәйкес қанағаттандырады;

19) Ұлттық Банкке жасалған жұмыс туралы есеп, сондай-ақ тарату процесіне қатысты өзге де мәліметтер тапсырады;

19-1) кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыру үшін мүлкінің жетіспеу фактісі анықталған жағдайда банкті банкрот деп тану туралы сотқа өтініш беруге міндетті;

20) тарату процесі аяқталғаннан кейін банк құжаттарын белгіленген тәртіппен архивте сақтауға өткізеді;

21) таратылатын банк атынан сотта мүдде білдіреді;

22) осы Ережеге сәйкес басқа да өкілеттіктерге ие болады.

27. Банкте тарату процесі басталған күннен бастап бір апта мерзімде тарату комиссиясы қайтарып алған банкті ашуға берілген рұқсаттың және банк операцияларын жасауға берілген лицензияның түпнұсқасы Ұлттық Банкке қайтарылады.

ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 16.03.02 ж. N 89 қаулысымен 28-тармақ толықтырылды

28. Заңды теріс пайдалану немесе өзге де заң бұзушылық анықталған жағдайда тарату комиссиясы белгіленген тәртіппен құқық қорғау органдарына немесе сотқа өтініш беруге, сондай-ақ бұл туралы Ұлттық Банкке хабарлауға тиісті.

ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 16.03.02 ж. N 89 қаулысымен 29-тармақ толықтырылды

29. Таратылатын банктің ағымдағы есепшоты бас банк, сондай-ақ оның филиалдары және (немесе) өкілдіктері орналасқан жердегі Ұлттық Банктің филиалында ашылады. Ерекше жағдайларында Ұлттық банктің рұқсатымен басқа банктерде таратылатын банктің ағымдағы есепшотын ашуға жол беріледі.

Таратылатын банктің және оның филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің барлық ақшасы таратылатын банктің ағымдағы есепшотына есептеледі. Бұдан әрі таратылатын банктің ағымдағы есепшотына ақша есептеу немесе есептен шығару осы ережеге және Ұлттық банктің нормативті құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіледі.

Тарату комиссиясы таратылатын банкке берешегі жоқ клиенттердің жазбаша талаптары бойынша олардың таратылатын банктегі банктік есепшоттарына түскен ақшаны банкті ерікті таратуға Ұлттық банк рұқсат бергеніне кейін кешіктірмей (талаптарды алған күннен бастап үш банктік күн ішінде) клиенттердің жаңа банктік деректемелері бойынша қайтарады. Банктің корреспонденттік есепшотына қате аударылған ақшаны тарату комиссиясы банкті ерікті таратуға Ұлттық Банк рұқсат бергенге дейін де, сол сияқты одан кейін де клиенттің жазбаша талабын алған күннен бастап үш банктік күн ішінде ақша жіберушіге қайтарады.

ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 16.03.02 ж. N 89 қаулысымен 30-тармақ жаңа редакцияда жазылды

30. Тарату комиссиясы Ұлттық Банк белгілеген мерзімде атқарылған жұмыс туралы есепті, ал қажет болған жағдайда қосымша ақпаратты да береді.

Банктің филиалдары мен өкілдіктерінде өз қызметін жүзеге асыратын бөлімше тарату комиссиясының төрағасына жасалған жұмыс туралы есеп ұсынады.

ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 16.03.02 ж. N 89 қаулысымен 31-тармақ толықтырылды

31. Жоспарда және тарату кестесінде белгіленген мерзім бұзылған жағдайда тарату комиссиясы Ұлттық банкке он күндік мерзім ішінде тиісті құжаттардың көшірмелерімен қоса, тиісінше түсіндірме жазба, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысы қайта бекіткен жоспарды және тарату кестесін тапсыруы тиіс.

5-тарау. Активтерге билік жасау және

шағын-талапты қарау

32. Банкті тарату комиссиясы кешіктірмей, осы Ережеге және Ұлттық Банктің өзгеде нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, таратылатын банктің уәкілетті қызметкерлерінің қатысуымен банкте және банктен тыс сақталатын кепілдік қамтамасыз етуді қоса алғанда, банк мүлкіне (активтеріне) түгендеу жүргізуге, сондай-ақ тартылған сарапшының көмегімен мүлікті бағалауға міндетті.

Баланстық құны 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мүлікті бағалауды банктің тарату комиссиясы өздігінен жүргізе алады.

33. Таратылатын банктің барлық активтері тарату массасын қалыптастырудың негізін құрайды.

ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 16.03.02 ж. N 89 қаулысымен 34-тармақ өзгертілді

34. Банк активтеріне банктің жеке мүлкі, барлық түрдегі және санаттардағы заемдар, банк алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелер кіреді.

35. Кастодиан-банкті тарату кезінде үшінші тұлғаға тиесілі, осы банкке сақтауға және есептеуге сеніп тапсырылған бағалы қағаздар және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталы қаражатын қоспағанда, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерді тарату массасына жатқызылмайды және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорының өтініші бойынша басқа банкке ауыстырылады.

ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 16.03.02 ж. N 89 қаулысымен 36-тармақ өзгертілді