Күзет қызметі туралы Қазақстан Республикасының
2000 ж. 19 қазандағы N 85-ІІ
Заңы
(ҚР 22.02.02 ж. N 297-II; 09.08.02 ж. N 346-II
Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (статьи 1 - 6)
2-тарау. Күзет қызметінің субъектілері (статьи 7 - 13)
және олардың жіктелімі 3-тарау. Күзет қызметінің түрлері және (статьи 14 - 17)
күзет қызметін құқықтық ресімдеу 4-тарау. Күзет қызметі субъектілерінің қару (статьи 18 - 19)
пайдалануы 5-тарау. Қорытынды ережелер (статьи 20 - 23)
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағындағы күзет қызметінің құқықтық негіздерiн белгілейдi, күзетті және күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектілердің мәртебесi мен өкілеттігiн айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Күзет қызметі ұғымы
1. Жеке (жеке кәсіпкерлер) және заңды тұлғалардың жеке адамдардың өмiрiн, денсаулығы мен мүлкін, сондай-ақ заңды тұлғалардың мүлкін құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау қызметін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруы (күзет қызметін көрсетулері) күзет қызметі деп ұғынылады.
2. Осы Заңның күші жеке күзет ұйымдарына, жеке күзетшілерге, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелеріне, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшелеріне қолданылады. Осы Заңның күші, егер ішкі істер органдары туралы Қазақстан Республикасының заңдарында, Президенті мен Үкіметінің актілерінде өзгеше көзделмесе, ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелеріне қолданылады.