Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы
Қазақстан Республикасының 2000 ж. 13 желтоқсандағы N 113-ІІ
Заңы
Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 3 баптар)
2-тарау. Балалар ауылы тәрбиеленушілерінің құқықтары (4 - 10 баптар)
3-тарау. Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы (балалар ауылы) (11 - 21 баптар)
4-тарау. Жасөспірімдер үйі (әлеуметтік бейімделу орталығы) (22 - 32 баптар)
5-тарау. Балалар ауылдары мен жасөспірімдер үйлерінің (33 - 36 баптар)
тәрбиеленуші-балаларына арналған мемлекеттіккепілдіктер Осы Заң жетiм балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында тұрып, тәрбиелену құқықтарын қанағаттандыру, сондай-ақ оларға имандылық-рухани, еңбек тәрбиесi мен бiлiм берудi жан-жақты қамтамасыз ету мақсатында құрылатын отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдарының және Жасөспiрiмдер үйлерiнiң құқықтық жағдайын айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар
1. Осы Заң жетiм балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдары мен Жасөспiрiмдер үйлерiнде бағып-күтiлуiне, тәрбиеленуiне, жалпы және кәсiптiк бiлiм берумен қамтамасыз етiлуiне байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.
2. Осы Заңмен реттелмеген қатынастарға өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң нормалары қолданылады.
2-бап. Қазақстан Республикасының отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдары және Жасөспiрiмдер үйлерi туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдарында және Жасөспiрiмдер үйлерiнде тәрбиеленушi-балалардың бағып-күтiлуiн, тәрбиеленуiн, жалпы және кәсiптiк бiлiм берумен қамтамасыз етiлуiн реттейтiн заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.