Дәрiлiк затты қолдану жөнiнде тұтынушыға арналған тұтыну орамы мен
нұсқаулықты (аннотация-қосымша) таңбалау Ережелерiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері жөніндегі
агенттігінің 2000 ж. 30 қарашадағы N 756 бұйрығы
Осы редакция ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2004 ж. 17 ақпандағы N 160 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Дәрiлiк заттар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 қарашадағы N 2655 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Дәрiлiк затты қолдану жөнiндегi таңбалауға, тұтыну орамы мен нұсқаулықты ресiмдеуге (тұтынушыға арналған аннотация-қосымшаны) қоса берiлген Ережелер бекiтiлсiн.
2. Дәрiлiк затты қолдану жөнiнде нұсқаулығы (тұтынушыға арналған аннотация-қосымшасы) жоқ дәрiлiк заттар айналымына тыйым салынсын.
3. Фармакология (Қ.Д. Рахимов), Фармакопея (В.П. Верболович) комитеттерi дәрiлiк заттарды тiркеу жөнiнде сараптама жұмыстарын жүргiзу кезiнде осы бұйрықпен бекiтiлген тұтынушыға арналған дәрiлiк заттарды қолдану жөнiндегi таңбалау, тұтыну орамы мен нұсқаулықты ресiмдеу Ережелерiн (аннотация-қосымшаны) басшылыққа алатын болсын.
4. Денсаулық сақтауды аумақтық басқару органдарының, "Дәрi-дәрмек" дәрiлiк заттар орталығы" РМҚК (С.Е. Сұлтанов) басшылары осы бұйрықты емдеу-алдын алу, дәрiхана ұйымдары мен фармацевтикалық өндiрiс басшыларының назарына жеткiзсiн.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
Төраға міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау iстерi жөнiндегi
агенттігінiң 2000.11.30. N 756
бұйрығымен бекiтiлген
Дәрiлiк затты қолдану жөнiнде тұтынушыға арналған
таңбалауды, тұтыну орамы мен нұсқаулықты
(аннотация-қосымшаны) ресiмдеу
Ережелерi
1. Жалпы ережелер