"Білім" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар
жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 27 наурыздағы N 389 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 17.05.02 ж. N 532 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Білім" мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 30 қыркүйекте қабылданған N 448 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған "Білім" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.Ә. Мұхаметжановқа жүктелсін.
Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.03.11. N 284 қаулысымен.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 27 наурыздағы
N 389 қаулысымен
бекітілген
Ескерту. Жоспар өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.03.11. N 284 қаулысымен.
"Білім" мемлекеттік бағдарламасын
іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
1. Жалпы тұжырымдамалық бөлім
NN р/с | Іс-шара | Аяқтау нысаны | Орындалуына жауаптылар | Орындалу мерзімі |
метінің
қаулысы
________________________________________________________________________
2. Білім беруді дамытудың Әкімдердің Облыстардың, 2001 жыл Жергілікті
2001-2005 жылдарға арнал. шешімдері Астана, мамыр бюджеттер
ған аймақтық бағдарла. Алматы
маларын әзірлеу қалаларының
әкімдері
________________________________________________________________________
2. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
________________________________________________________________________
NN! Іс-шара ! Аяқтау ! Орындалуына ! Орындалу!Қаржыландыру
р/с! ! нысаны ! жауаптылар ! мерзімі ! көзі
________________________________________________________________________