(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМ. 20.04.01 Ж. № 117 ҚАУЛЫСЫ

Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымының жарғылық және меншiктi

капиталдарының ең аз мөлшерiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 117 қаулысы

(ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 ж. 13 қарашадағы N 452

қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 ж. 29 мамырдағы N 175 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

"Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы

ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қайта құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшiн 2001 жылғы 1 шiлдеден бастап жарғылық капиталдың мынадай ең аз мөлшерi белгiленсiн:

"жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензия алған кезде - 130 (жүз отыз) миллион теңге;

"өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша лицензия алған кезде - 150 (жүз елу) миллион теңге;

"жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензия және қайта сақтандыру лицензиясын алған кезде - 150 (жүз елу) миллион теңге;

"өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша лицензия және қайта сақтандыру лицензиясын алған кезде - 170 (жүз жетпiс) миллион теңге;

қайта сақтандыруды қызметтiң ерекше түрi ретiнде жүзеге асыра отырып қайта сақтандыру лицензиясын алған кезде - 230 (екi жүз отыз) миллион теңге.

2. 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап осы қаулының 1-тармағында белгiленген жаңадан құрылатын сақтандыру ұйымының жарғылық капиталының ең аз мөлшерi сақтандыру сыныптарына сәйкес, сақтандыру ұйымы өзiнiң сақтандыру қызметiн жүзеге асыруды жоспарлау шеңберiнде осы қаулының 6-тармағында көрсетiлген көлемдегi сомаға арттырылуға тиiс.

3. Жұмыс iстеп тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшiн 2001 жылғы 1 шiлдеден бастап жарғылық капиталдың мынадай ең аз мөлшерi белгiленсiн:

"жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы болса - 100 (жүз) миллион теңге;

"өмірдi сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы болса - 130 (жүз отыз) миллион теңге;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.