Белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок
субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу ережесiн
бекiту туралы Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу,
бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі
төрағасының 2001 ж. 25 сәуірдегі N 86-ОД бұйрығы
(ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және
шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 13.06.02 ж.
N 122-НҚ бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 6 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Заңға сәйкес,
БҰЙЫРАМЫН:
1. Белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
2. Экономикалық талдау және қаржылық қамтамасыз ету департаментi (С.Ержанова) осы Ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзудi қамтамасыз етсiн.
3. "Рынокта үстем (монополиялық) жағдайға ие шаруашылық жүргiзушi субъектiлердің мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiнiң 1999 жылғы 30 сәуiрдегi N 25-ОД бұйрығының күшi жойылды деп танылсын.
4. Ұйымдастыру-инспекторлық басқармасы (Ғ.Сауытов) осы бұйрықты Агенттiктiң облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша департаменттерiнiң назарына жеткiзсiн.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау төрағаның орынбасары С.Құрманғалиевқа жүктелсiн.
| Агенттік төрағасы | Б. Имашев |
Белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок
субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу
ЕРЕЖЕСІ