(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ 13.06.01 Ж. № 211-ІІ ҚР ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы

2001 ж. 13 маусымдағы N 211-ІІ

Қазақстан Республикасының Заңы

(22.02.02 ж. N 296-11;04.12.03 ж. N 503-11 ҚР Заңдарымен

енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

1-тарау. Негізгі ережелер (1 - 7 баптар)
2-тарау. Туристік қызметті мемлекеттік реттеу (8 - 14 баптар)
3-тарау. Туристік қызметті ұйымдастыру (15 - 23 баптар)
4-тарау. Туристің құқықтары мен міндеттері, (24 - 27 баптар)
туристің қауіпсіздігін қамтамасыз ету 
5-тарау. Қорытынды ережелер (28 - 29 баптар)

Осы Заң Қазақстан Республикасы экономикасы салаларының бiрi ретiнде туристiк қызметтiң құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.

1-тарау. Негізгі ережелер

1-бап. Негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) гид (гид-аудармашы) - туристерге уақытша келген елдегi (жердегi) туристiк ресурстармен таныстыру жөнiнде экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдық қызмет көрсететiн кәсiби даярланған жеке тұлға;

2) туристiк қызмет көрсетуге жасалған шарт - өтелмелi туристiк қызмет көрсету бойынша туроператордың немесе турагенттiң және туристiң арасындағы келiсiм;

3) туризм нұсқаушысы - тиiстi бiлiктiлiгi және туристiк маршруттармен жүрiп өту тәжiрибесi бар кәсiби даярланған жеке тұлға;

4) туристердi орналастыру орындары - мейманханалар, мотельдер, кемпингтер, туристiк базалар, қонақжайлар, демалыс үйлерi, пансионаттар және туристердiң тұруы мен оларға қызмет көрсету үшiн пайдаланылатын басқа да үй-жайлар мен ғимараттар;

5) туристiк өнiмдi ұсыну - туристiк қызмет көрсетуге (жарнама, арнаулы көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу, туристiк өнiмдi өткiзу жөнiндегi туристiк ақпарат орталықтарын ұйымдастыру, каталогтар, буклеттер шығару және тарату) бағытталған шаралар кешенi;

6) тур - белгiленген мерзiмдер шеңберiнде белгiлі бiр маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.