(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ 09.07.01 Ж. № 225-II ҚР ЗАҢЫ

Ғылым туралы

2001 ж. 9 шілдедегі N 225-II

Қазақстан Республикасының Заңы

Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 3 баптар)
2-тарау. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің (4 - 10 баптар)
 субъектілері 
3-тарау. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет (11 - 15 баптар)
 нәтижесінде санаткерлік меншік құқығы 
4-тарау. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті басқару (16 - 25 баптар)
мен ұйымдастыру 
5-тарау. Ғылымды қаржыландыру (26 - 27 баптар)
6-тарау. Ғылыми зерттеулерді кадрлармен қамтамасыз ету (28 - 30 баптар)
7-тарау. Ғылым мен техника саласындағы халықаралық қызмет (31 баптар)
8-тарау. Қорытынды ережелер (32 - 33 баптар)

Осы Заң ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, ғылыми және ғылыми-техникалық сала субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн айқындайды.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) ғылым - табиғат, қоғам және ойлау заңдарын зерделеу, табиғи байлықтарды ұтымды пайдалану және қоғамды тиiмдi басқару мақсатында болмыс туралы объективтi бiлiм-бiлiктi тұжырымдау және теориялық жағынан жүйелеу функциясы болып табылатын адам қызметiнiң саласы;

2) мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясат - әлеуметтiк-экономикалық саясаттың құрамдас бөлiгi, ол мемлекеттiң ғылыми және ғылыми-техникалық қызметке қатынасын бiлдiредi, әртүрлi ұйымдардың ғылым мен техника ғылыми-техникалық жетiстiктердi іске асыру, жаңа технологиялар жасау саласындағы, оның iшiнде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатындағы қызметiнiң негiзгi мақсаттарын, бағыттарын, принциптерiн, нысандары мен әдiстерiн белгiлейдi;

3) уәкiлеттi мемлекеттiк орган - ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.