Осы редакция ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 04.07.03 ж. N 220 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Екiншi деңгейдегі банктердiң жарғылық және меншiктi капиталдарының ең аз
мөлшерi туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 ж. 2 маусымдағы N 190 қаулысы
(ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.04.03 ж. N 118
қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Екiншi деңгейдегi банктердiң қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және олардың депозиторларының мүддесiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.04.03 ж. N 118 қаулысымен 1-тармақ толықтырылды
1. Жаңадан құрылатын банктер үшiн 2001 жылдың 1 тамызынан бастап жарғылық капиталдың ең аз мөлшерi 2.000.000.000 (екi миллиард) теңге сомасында белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын тұрғын үй құрылыс жинақ банкі үшін 500.000.000 (бес жүз миллион) теңге мөлшерінде жарғылық капиталдың ең аз мөлшері белгіленсін.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.04.03 ж. N 118 қаулысымен 2-тармақ толықтырылды
2. 2001 жылдың 1 тамызынан бастап меншiктi капиталдың ең аз мөлшерi:
1) банктiк және басқа операциялар жүргiзуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар банктер үшiн 1.000.000.000 (бiр миллиард) теңге сомасында;
2) аймақтық (Астана және Алматы қалаларынан тыс жерге орналасқан) банктер, Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын тұрғын үй құрылыс жинақ банкі үшiн 500.000.000 (бес жүз миллион) теңге сомасында белгiленсiн.