Екінші деңгейдегі банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы
мәртебесіне ие болуға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісім
беру тәртібі туралы ережені бекіту жөнінде Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 ж. 25 маусымдағы N 255 қаулысы
Осы редакция ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.10.03 ж. N 376 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының банктік заңнамаларын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екінші деңгейдегі банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісім беру тәртібі туралы ереже бекітілсін және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін.
2. Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А.А.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Екінші деңгейдегі банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісім беру тәртібі туралы ережені Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;