Темір жол көлігі туралы Қазақстан Республикасының
2001 ж. 8 желтоқсандағы N 266-ІІ
Заңы
(ҚР 08.05.03 ж. N 414-1 Заңымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 жылғы 9 шілдедегі N 596-II Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 13 баптар)
2-тарау. Темір жол көлігіндегі басқару (14 - 17 баптар)
3-тарау. Темір жол көлігінің қажетіне арналған (18 - 21 баптар)
жер және қорғалатын аймақтар 4-тарау. Темір жол көлігі қызметкерлерінің еңбек (22 - 24 баптар)
қатынастарын реттеу ерекшеліктері 5-тарау. Темір жол көлігінде (25 - 29 баптар)
жолаушыларды сақтандыру 6-тарау. Жүру қауіпсіздігі, темір жол көлігінің (30 - 35 баптар)
жүктері мен объектілерін күзету, ерекше жағдайларда жұмысты ұйымдастыру 7-тарау. Жүк тасымалдауды ұйымдастыру (36 - 55 баптар)
8-тарау. Кірме жолдар (56 - 63 баптар)
9-тарау. Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және (64 - 72 баптар)
почтаны тасымалдау 10-тарау. Тасымалдаудан туындайтын міндеттемелер (73 - 88 баптар)
бойынша жауапкершілік 11-тарау. Актілер, кінә қою, талап қою (89 - 93 баптар)
12-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер (94 - 97 баптар)
Осы Заң темiр жол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта тасымалдарын жүзеге асыру кезiндегi тасымалдаушылар, темiр жол көлiгi ұйымдары, мемлекеттiк органдар, жолаушылар, жөнелтушiлер, алушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) багаж - жолаушылар немесе почта-багаж поезында тасымалдауға қабылданған, салмағы екi жүз килограмнан аспайтын мүлiк;
2) тармақ иеленушi - меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiзде темiр жолдың кiрме жолдарын иеленушi тұлға;
3) жүк - жүк поезында тасымалдауға қабылданған мүлiк;
4) жүк-багаж - жолаушылар мен почта-багаж поездарында тасымалдауға қабылданған, салмағы екi жүз килограмнан артық мүлiк;