Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы Қазақстан
Республикасының 2001 ж. 15 желтоқсандағы N 271-ІІ
Заңы
Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 3 баптар)
2-тарау. Мемлекеттік органдардың азаматтық (4 - 5 баптар)
авиацияны мемлекеттік реттеу саласындағы құзыреті 3-тарау. Азаматтық авиацияны мемлекеттік (6 - 17 баптар)
реттеу 4-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер (18 - 20 баптар)
Осы Заң жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы қызметін мемлекеттiк реттеудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) авиациялық техника - азаматтық әуе кемелерi, олардың жабдығы, жинақтаушы бұйымдары, двигательдерi, тренажерлерi және азаматтық әуе кемелерiне жерде қызмет көрсету құралдары;
2) авиациялық қызмет көрсетулер - азаматтық авиацияның жолаушылардың, багаждың, жүктің және почтаның әуе тасымалдарын ұйымдастыру мен қамтамасыз етуге және авиациялық жұмыстарды орындауға байланысты қызмет көрсетулері;
3) авиациялық маршрут (авиамаршрут) - үстінде авиатасымалдар пункттерi арасындағы әуе қатынасы жүзеге асырылатын жер бетiнiң географиялық сипаттамасы немесе географиялық сипаттамалар құрастырылымы;
4) авиация персоналы - авиациялық бағдардағы кәсіби даярлығы бар, ұшуды ұйымдастыру, әуе кемелерінің қозғалысын басқару, әуе кемелеріне қызмет көрсету, авиациялық жұмыстарды орындау жөніндегі, сондай-ақ тасымалдарды, ұшу қауіпсіздігін немесе авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке адамдар;