(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 14.11.01 Ж. № 427 ҚАУЛЫСЫ

Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына

қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе

ие болуына рұқсат беру ережесін бекіту жөнінде Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 14 қарашадағы N 427 қаулысы

(ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.11.01 ж. N 427 қаулысымен енгізілген

өзгерістерімен)

Осы редакция ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін.

2. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктерге бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуына келісім беру туралы ережені бекіту туралы" 1998 жылғы 4 ақпандағы N 46 қаулысының;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.