(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң

"Олимпиадалық даярлау орталығы" және "Спортшылардың допингке қарсы

зертханасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарын құру

туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 27 ақпандағы N 251

қаулысы

Осы редакция 2004 ж. 29 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Спорттық резервтi және ұлттық құрама командаларды сапалы даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң "Олимпиадалық даярлау орталығы" және "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындары (бұдан әрi Кәсiпорындар) құрылсын.

2. Мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ Кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсi функциясын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi болып белгiленсiн.

3. Кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi мәнi мыналар болып белгiленсiн:

1) "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының: спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметті жүзеге асыру, оның iшiнде республиканың спорттық резервi мен ұлттық құрама командаларын даярлау;

2) "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының: спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру, оның iшiнде Халықаралық олимпиада комитетiнiң Допингке қарсы кодексiне сәйкес допингке қарсы iс-шараларды өткiзу.

4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде:

1) Кәсiпорындардың жарғыларын бекiтсiн;

2) Кәсiпорындардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" (Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:

"Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 519-1 және 519-2-жолдармен толықтырылсын:

"519-1 "Олимпиадалық даярлау

орталығы" қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы

519-2 "Спортшылардың допингке

қарсы зертханасы" қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы";

2) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 1, 2-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:

мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 21 және 22-жолдармен толықтырылсын:

"21. "Олимпиадалық даярлау орталығы" қазыналық кәсiпорны

22. "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" қазыналық кәсiпорны".

6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының