Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Қазақстан
Республикасының 2002 ж. 7 наурыздағы N 299-ІІ Заңы
Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 7 баптар)
2-тарау. Дипломатиялық қызмет персоналы, (8 - 9 баптар)
дипломатиялық лауазымдарға тағайындау 3-тарау. Дипломаттық дәрежелер (10 - 13 баптар)
4-тарау. Дипломатиялық қызметтен өту (14 - 18 баптар)
5-тарау. Дипломатиялық қызмет персоналының (19 - 23 баптар)
құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі 6-тарау. Дипломатиялық қызметті қамтамасыз ету, (24 - 32 баптар)
дипломатиялық қызмет персоналына берілетін кепілдіктер мен өтемдер, оларды материалдық және әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету 7-тарау. Қорытынды ережелер (33 бап)
Осы Заң Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметi жұмысының құқықтық негіздерін, сондай-ақ ұйымдастырылу тәртібiн айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі (бұдан әрі дипломатиялық қызмет) - Қазақстан Республикасының Конституциясына , осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерi мен халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының кәсiби қызметi.