(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар

министрлігінің "ЕО-Қазақстан энергетикалық орталығы" шаруашылық жүргізу

құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру

туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2002 ж. 6 мамырдағы N 498 қаулысы

Осы редакция 2004 ж. 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар Жарлығының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің "ЕО-Қазақстан энергетикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны оны жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен "Аймақтық газ тасымалдау жүйесі" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қоғамның жарғысын бекіту кезінде оның қызметінің негізгі мәні тұтынушыларды табиғи газбен қамтамасыз ету деп анықтасын;

2) Қоғамның жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.