Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу
ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 29 мамырдағы N 592 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 12 мамырдағы N 441 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу ережесi бекiтілсiн.
2. "Республикалық және жергілiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 10 қыркүйектегi N 1169 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 31, 414-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 29 мамырдағы
N 592 қаулысымен
бекiтiлген
Республикалық және жергілiктi бюджеттердiң
жобаларын әзiрлеу
ережесi
1-бөлiм. Жалпы ережелер
1-тарау. Негiзгi ережелер
1. Осы Ереже алдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергiлікті бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу тәртібiн анықтайды.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтiк жоспары (бұдан әрi - Республиканың индикативтiк жоспары), жергiлiктi өкiлеттi органдар бекiткен аумақтарды дамытудың тиiстi кезеңге арналған экономикалық және әлеуметтiк бағдарламалары алдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын және мемлекеттiк бюджеттің болжамды көрсеткiштерiн әзiрлеу үшiн негiз болып табылады.
3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу процесi өзiне үш негізгi кезеңдi қамтиды:
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.