(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы

ережені бекіту жөнінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Басқармасының 2002 ж. 3 маусымдағы N 213 қаулысы

(ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.11.02 ж. N 467;21.03.03 ж. N 97;

07.05.03 ж. N 151 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция 2004 ж. 16 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.

2. Осы қаулының 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізілетін Ереженің 12-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, 2002 жылғы 1 тамыздан бастап күшіне енеді.

3. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Пруденциалдық нормативтер туралы ереже жөнінде" 1997 жылғы 23 мамырдағы N 219 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4. Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А.А.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолдансын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күн ішінде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.

Ұлттық Банк

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.