Азаматтық пиротехникалық заттарды және олардың қолданылуымен жасалған
бұйымдарды әзiрлеуге, өндiруге, жөндеуге, сатуға, сатып алуға,
коллекциялауға, экспонаттауға байланысты қызметтi лицензиялау
жөнiндегi бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 16 шілдедегі N 787 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 20 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi және "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған азаматтық пиротехникалық заттарды және олардың қолданылуымен жасалған бұйымдарды әзiрлеуге, өндiруге, жөндеуге, сатуға, сатып алуға, коллекциялауға, экспонаттауға байланысты қызметтi лицензиялау жөнiндегi бiлiктiлiк талаптары бекiтілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының