Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық
түзеу арқылы қолдау туралы Қазақстан Республикасының
2002 жылғы 11 шілдедегі N 343-ІІ Заңы
Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 3 баптар)
2-тарау. Кемтар балаларды әлеуметтік және (4 - 8 баптар)
медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау мәселелерін мемлекеттік реттеу 3-тарау. Кемтар балаларға әлеуметтік және медициналық- (9 - 14 баптар)
педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету жөніндегі қызмет 4-тарау. Кемтар балалардың құқықтары, олардың (15 - 17 баптар)
ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің құқықтары мен міндеттері 5-тарау. Қорытынды ережелер (18 - 19 баптар)
Осы Заң кемтар балаларды әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен әдiстерiн айқындайды, дамуында кемiстiгi бар балаларға көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсiби даярлау iсiмен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектiгiнiң алдын алуға бағытталған.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар
Осы Заңда мынадай негiзгi терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау - кемтар балаларға тұрмыс-тiршiлiгiндегi шектелудi жою және оның орнын толтыру үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ететiн және оларға басқа азаматтармен бiрдей қоғам өмiрiне қатысу мүмкiндiктерiн жасауға бағытталған арнаулы әлеуметтiк, медициналық және бiлiм беру қызметтерiн көрсететiн бiлiм беру, халықты әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметi;
2) кемтар бала (балалар) - белгiленген тәртiппен расталған, туа бiткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттардың салдарынан тiршiлiк етуi шектелген, дене және (немесе) психикалық кемiстiгi бар он сегiз жасқа дейiнгi бала (балалар);