Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының
сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесіне қойылатын талаптар туралы
нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының 2002 ж. 3 маусымдағы N 211 қаулысы
Осы редакция ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 06.12.03 ж. N 433 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерiн есептеу әдiстемесiне қойылатын талаптар туралы нұсқаулық бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап алпыс күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн күшіне енеді.
3. Осы қаулы күшiне енгiзiлген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының сақтандыру резервтерiн қалыптастыру тәртiбi және мөлшерi туралы" 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 442 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
4. Банктердi және сақтандыруды қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және аумақтық филиалдарына, актуарийлер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсiн.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.
Ұлттық Банк
| Төрағасы | Г.А. Марченко |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының "Қазақстан Республикасының