(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰБ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 13.06.02 Ж. № 229 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының валюта заңдарын сақтау мәселелерi жөнiнде

тексеру ұйымдастыру және жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстан

Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

2002 ж. 13 маусымдағы N 229 қаулысы

Осы редакция ҚР ҰБ Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 134 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасының валюта заңдарын сақтау мәселелерi жөнiнде тексеру ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының валюта заңдарын сақтау мәселелерi жөнiнде тексеру ұйымдастыру және жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiледi.

3. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Мәженова Б.М.):

1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолдансын;

2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына және уәкiлеттi банктерге жiберсiн.

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдары Валюталық реттеу және бақылау басқармасынан алған күннен бастап төрт күндiк мерзiмде осы қаулыны банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйымдарға және бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қолма-қол шетелдiк валютаға қызмет көрсетуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар тұлғаларға жiберсiн.

5. Халықаралық қатынас және жұртшылықпен байланыс басқармасы (Мартюшев Ю.А.) осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайтын болсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.