Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат
құралдарын есепке алу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы 29 шілдедегі N 843 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 20.03.04 ж. N 364 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 28 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесi бекiтiлсiн.
ҚР Үкіметінің 20.03.04 ж. N 364 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi бекiтiлген Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын барлық шетелдiк бұқаралық ақпарат құралын тиiсiнше есепке алуды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының