Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан
Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345-ІІ Заңы
Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 5 баптар)
2-тарау. Балалар мүддесін көздейтін (6 - 7 баптар)
мемлекеттік саясат3-тарау. Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері (8 - 20 баптар)
4-тарау. Бала және отбасы (21 - 26 баптар)
5-тарау. Ата-анасының қамқорлығынсыз (27 - 30 баптар)
қалған баланың құқықтары6-тарау. Мүгедек баланың құқықтары (31 - 33 баптар)
7-тарау. Бала және қоғам (34 - 41 баптар)
8-тарау. Баланың құқықтарын және заңмен (42 - 47 баптар)
қорғалатын мүдделерін қорғау9-тарау. Бала жауапкершілігінің және оның (48 - 49 баптар)
мінез-құлқына әсер етуден ерекшеліктері10-тарау. Қорытынды ережелер (50 - 53 баптар)
Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi құқықтары мен мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынандай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) бала - он сегiз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;
2) баланың заңды өкілдерi - ата-анасы, бала асырап алушылар, қорғаншысы, қамқоршысы, патронат тәрбиелеушiсi, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардың орнында қамқорлық жасайтын, бiлiм, тәрбие беретiн, баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғайтын адамдар;