(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 20.08.02 Ж. № 927 ҚАУЛЫСЫ

"Айт-Отель" Қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлiк қоғамы

тартқан мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 20 тамыздағы N 927 қаулысы

Осы редакция ҚР Үкіметінің 2002 ж. 25 желтоқсандағы N 1366 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Мемлекеттiк кепiлдiк бойынша мiндеттемелердi орындау және қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында "Айт-Отель" Қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ) төмен төлем қабiлеттiлiгiн назарға ала отырып Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазақстанның Даму Банкi" жабық акционерлiк қоғамымен (бұдан әрi - Қазақстанның Даму Банкi) (келiсiм бойынша) және - "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-пен (келiсiм бойынша) бiрлесiп келiсiмге қол қоюды қамтамасыз етсiн, онда:

1) қаулының қосымшасына сәйкес Түркия кредит желiсi шеңберiнде тартылған мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша "Айт-Отель" ҚТБК" AAҚ-тың шетелдiк банкке ақы төлеудi жүргiзу мiндеттемесiн;

2) мемлекеттiк кепiлдiк бойынша мiндеттемелердi орындауға республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың қайтару тәртiбiн, оның iшiнде:

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептілік (мерзiмдiк және жылдық) нысандарын жүргiзу жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiне сәйкес сыйақы есептеудi;

мемлекеттiк кепiлдiк бойынша республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатқа 2000 жылдан бастап 2012 жылды қоса алғандағы кезең үшiн есептелген сыйақыны негiзгi борышқа 2013 жылы капиталдандыруды;

2000 жылдан бастап 2012 жылды қоса алғандағы кезең үшiн есептелген сыйақыны қоса алғанда, 2013 жылдан бастап 2025 жылды қоса алғанда тең үлеспен мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша оқшауландырылған қаражатты "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың республикалық бюджетке қайтаруын;

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне мемлекет кепілдiк берген қарыздың шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың қайтаруын қамтамасыз ету ретiнде "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың бас құрылтайшысы - "Ahsell Insaat Taahhut ve Ticaret A.S." түрiк фирмасының кепiлдiгiн берудi;

"Айт-Отель" ҚТБК" AAҚ-тың республикалық бюджет алдындағы мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету мақсатында тиiстi кепiлдiк келiсiмiн ресiмдеудi;

қарыз алушы - "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың қаражаты есебiнен Қазақстанның Даму Банкiне агенттiк сыйақы төлеуді көздесiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі И.Тасмағамбетов

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

2002 жылғы 20 тамыздағы

N 927 қаулысына

қосымша

Түркия кредит желiсi шеңберiнде тартылған мемлекет кепiлдiк берген

қарыз бойынша "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ шетелдiк банкке

төлемдерi

 Қарыз алушы ұйым 
 Төлем валютасы 
 Төлем күні 
 Төлем сомасы 
 Түркия несие желiсi 
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ 
 USD USD USD USD USD USD USD USD USD USD USD USD USD USD USD USD USD USD USD USD USD 
 22.12.02 22.06.03 22.12.03 22.06.04 22.12.04 22.06.05 22.12.05 22.06.06 22.12.06 22.06.07 22.12.07 22.06.08 22.12.08 22.06.09 22.12.09 22.06.10 22.12.10 22.06.11 22.12.11 22.06.12 22.12.12 
 1 500 000, 00 1 000 000, 00 2 000 000, 00 1 000 000, 00 2 000 000, 00 1 000 000, 00 2 000 000, 00 1 250 000, 00 2 250 000, 00 1 250 000, 00 2 250 000, 00 1 500 000, 00 2 500 000, 00 1 500 000, 00 2 500 000, 00 2 000 000, 00 2 500 000, 00 2 000 000, 00 2 500 000, 00 2 000 000, 00 2 500 000, 00 
 Барлығы 
 USD 
  
 39 000 000, 00