Екінші деңгейдегі банктердің Бас бухгалтерлік кітабын жасауға арналған
Есепшоттары толық көрсетілген бухгалтерлік есептің үлгі есепшот жоспарын
бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 ж. 30 шілдедегі N 274 қаулысы
Осы редакция ҚР ҰБ Басқармасының 01.09.03 ж. N 325 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Екінші деңгейдегі банктердің бухгалтерлік есебін жетілдіре түсу және қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына көшуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Екінші деңгейдегі банктердің Бас бухгалтерлік кітабын жасауға арналған Есепшоттары толық көрсетілген бухгалтерлік есептің үлгі есепшот жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енгізіледі.
3. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің Бас бухгалтерлік кітабын жасауға арналған Бухгалтерлік есептің толық есепшот жоспарын бекіту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 325 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.