(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 20.09.02 Ж. № 1037 ҚАУЛЫСЫ

ЖҚТБ, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегi Ғаламдық Қормен жұмысты

үйлестiру мәселелерi жөнiндегi комиссияны құру туралы Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 20 қыркүйектегі N 1037 қаулысы



Осы редакция ҚР Үкіметінің 12.09.03 ж. N 935 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды



ЖҚТБ, туберкулез және безгекпен күрес жөнiндегі Ғаламдық Қормен жұмысты үйлестiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:

1. Қосымшаға сәйкес құрамда ЖҚТБ, туберкулез және безгекпен күрес жөнiндегi Ғаламдық Қормен жұмысты үйлестiру мәселелерi жөнiндегi комиссия құрылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрі И.Тасмағамбетов

Қазақстан Республикасы

Yкiметiнің

2002 жылғы 20 қыркүйектегi

N 1037 қаулысына

қосымша

ЖҚТБ, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі Ғаламдық Қормен

жұмысты үйлестіру мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамы

 Мұхаметжанов - Қазақстан Республикасы Премьер-
 Бауыржан Әлiмұлы Министрiнің орынбасары, төраға
 Досқалиев - Қазақстан Республикасының
 Жақсылық Ақмырзаұлы Денсаулық сақтау министрі,
 төрағаның орынбасары
 Ерасылова - ЖҚТБ-ның алдын алу және оған
 Исидора Бекмұхаметқызы қарсы күрес жөнiндегі
 республикалық орталықтың бас
 директоры, хатшы
 Ким - Қазақстан Республикасының Әдiлет
 Георгий Владимирович министрi
 Беркiмбаева - Қазақстан Республикасының Бiлiм
 Шәмша Көпбайқызы және ғылым министрi
 Власов - Қазақстан Республикасының Iшкi
 Николай Афанасьевич iстер вице-министрi
 Әбусейiтов - Қазақстан Республикасының
 Қайрат Қуатұлы Сыртқы істер вице-министрі
 Paқышев - Туберкулез проблемалары ұлттық
 Ғалымжан Боранқұлұлы орталығының директоры
 Аманжолов Нұралы - "Шапағат" оң АҚТҚ-сы бар
 адамдарды және олардың
 жақындарын қолдау қоғамдық
 қайырымдылық қорының президентi
 (келiсiм бойынша)
 Арғымбаев - "Қызыл жарты ай және Қызыл крест
 Еркебек Қамбарұлы қоғамы" қоғамдық бiрлестігiнiң
 президентi (келiсiм бoйынша)
 Тұрмағамбетова - Адам құқығы және заңды сақтау
 Жемiс Өтегенқызы жөніндегі қазақстандық
 халықаралық бюро директорының
 орынбасары (келiсiм бойынша)
 Адамян Рудик - Орта Азия елдерiндегi АҚТҚ/ЖҚТБ
 жөнiндегi БҰҰ Бiрлескен
 бағдарламасының мемлекетаралық
 кеңесшiсi (келiсiм бойынша)
 Цогт Гомбогарат - Орта Азия және Қазақстан
 Республикасындағы туберкулездi
 бақылау жөнiндегi Дүниежүзiлiк
 денсаулық сақтау ұйымының
 консультанты (келiсiм бойынша)
 Шарман Алмас - Американ халықаралық даму
 жөнiндегi агенттiгiнің жұқпалы
 аурулар жөнiндегi кеңесшiсi (келiсiм
 бойынша)
 Сиврюкова - Қазақстанның үкiметтік емес
 Валентина Андреевна ұйымдары конфедерациясының
 президентi (келiсiм бойынша)
 Хамитов - "Испат-Қармет" ашық акционерлiк
 Мықты Хамитұлы қоғамының персонал жөнiндегi бас
 менеджерi (келiсiм бойынша)
 Фикрет Акчура - БҰҰ-ның дамыту бағдарламасының
 Қазақстандағы тұрақты өкiлi (келiсiм
 бойынша)