(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР МЕМЛЕК. САТЫП АЛУ... 31.10.02 Ж. № 8 БҰЙРЫҒЫ

Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердi дайындау және тауарларды,

жұмыстарды және көрсетілетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу бойынша

ашық немесе жабық конкурсқа қатысу үшiн ықтимал өнім берушiлерге беретiн

үлгi конкурстық құжаттаманы бекiту туралы Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі төрағасының

2002 жылғы 31 қазандағы N 8 бұйрығы

(ҚР Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі төрағасының 28.11.02 ж. N

19 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция ҚР Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 23 шілдедегі N 80 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы N 321 Заңы 12-бабының 8-тармақшасына сәйкес

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердi дайындау және тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу бойынша ашық немесе жабық конкурсқа қатысу үшiн ықтимал өнiм берушiлерге беретiн үлгi конкурстық құжаттама бекiтiлсiн.

2. Заң бөлiмi (Н.Нұрахметов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.

3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгiнiң "Конкурстық өтiнiмдердi дайындау және тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi сатып алу жөнiндегi ашық немесе жабық конкурс өткiзу бойынша ықтимал өнiм берушiлер үшiн үлгiлiк нұсқаулықты бекiту туралы" 1999 жылғы 24 ақпандағы N 22 бұйрығының күшi жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрық оны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасары Ғ.Мусинге жүктелсiн.

Төраға

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi

агенттiгi Төрағасының

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.