(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 19.12.02 Ж. № 1330 ҚАУЛЫСЫ

Алматы қаласының Бас жоспары туралы Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2002 ж. 19 желтоқсандағы N 1330 қаулысы

Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 22 сәуірдегі N 452 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегі Заңына сәйкес және Алматы қаласының кешендi дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Алматы қалалық мәслихаты мақұлдаған Алматы қаласының Бас жоспары бекiтілсiн.

2. "Алматы қаласының қала құрылысын дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 16 сәуiрдегi N 343 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 16, 253-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң

2002 жылғы 19 желтоқсандағы

N 1330 қаулысымен бекiтiлген

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫ

1. Бас жоспардың мақсаты

Алматы қаласының 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған Бас жоспары тiршiлiк етудiң қолайлы ортасын жасау мен қаланы тиянақты дамыту, экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, табиғаты және мәдени мұраларды сақтау мақсатында Алматының қала құрылысын дамытуды жоспарлаудың негiзгi құжаты болып табылады.

Бас жоспар Алматы қаласының "Алматы қаласының айрықша мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында қарастырылған функцияларды жүзеге асыруын және Алматы қаласы дамуының Алматы агломерациясымен өзара байланыстылығын ескеру арқылы әзiрлендi.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.