(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 28 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 1406 ҚАУЛЫСЫ

Мемлекеттік арнаулы өтем қазынашылық облигацияларын шығару,

орналастыру, айналысқа қосу, қызмет көрсету және оларды өтеу

ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2002 ж. 28 желтоқсандағы N 1406 қаулысы

(ҚР Үкіметінің 22.12.03 ж. N 1292 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 20 сәуірдегі N 442 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

"Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген карыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңына сәйкес және "Қазақстан Халық Банкі" ашық акционерлік коғамында қолданыстағы шоттарда сақталып жатқан бұрынғы КСРО Қазақ республикалық жинак банкіндегі Қазақстан Республикасы азаматтары салымдарының қалдықтарын өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік арнаулы өтем қазынашылық облигацияларын шығару, орналастыру, айналысқа қосу, қызмет көрсету және оларды өтеу ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтары салымдарының қалдықтарын өтеу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабардар етуді қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2002 ж. 28 желтоқсандағы

N 1406 қаулысымен

бекітілген

Мемлекеттік арнаулы өтем қазынашылық

облигацияларын шығару, орналастыру, айналысқа қосу,

қызмет көрсету жөне оларды өтеу ережесі

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.