Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларды күмәнды және
үмітсіз санатына жатқыза отырып, провизиялар (резервтер) құру ережесін
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 ж. 16 қарашадағы N 465 қаулысы
Осы редакция ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 01.09.03 ж. N 327 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Банк қызметін реттейтін заңдарды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларды күмәнды және үмітсіз санатына жатқыза отырып, провизиялар (резервтер) құру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
Ұлттық Банк