(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰБ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 18.12.02 Ж. № 485 ҚАУЛЫСЫ

Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге

асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының

2002 ж. 18 желтоқсандағы N 485 қаулысы

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 54, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 111 бірлескен қаулысымен

Бағалы қағаздар рыногы қызметiнiң айқындылық дәрежесiн және тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногындағы инвесторлардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау мақсатыңда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесi бекiтiлсiн.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.

3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):

1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан Тiзiлiм ұстаушыларының қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне және бағалы қағаздар ұстаушыларының тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын, "Қазақстан Тiзiлiм ұстаушыларының қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң мүшелерi болып табылмайтын ұйымдарға жiберсiн.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

Ұлттық Банк

Төрағасы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.