(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰБ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 29.12.02 Ж. № 532 ҚАУЛЫСЫ

Екінші деңгейдегі банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

күн сайынғы және ай сайынғы баланстарды беру мерзімдері туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқарамасының

2002 ж. 29 желтоқсандағы N 532 қаулысы

Осы редакция ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасының банк заңдарын, сондай-ақ банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, олардың депозиторларының мүдделерін қорғауға бағытталған банктерді қадағалау рәсімдерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Екінші деңгейдегі банктердің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржылық қадағалау бөлімшесіне (бұдан әрі - қаржылық қадағалау бөлімшесі) баланстарды берудің мынадай мерзімдері белгіленсін:

1) күн сайынғы баланстар - есеп берілетін күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайынғы баланстар - есеп берілетін айдың соңғы күнінен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі;

2) он және одан да көп филиалдары бар банктер күн сайынғы баланстарды есеп берілетін күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайынғы баланстарды - есеп берілетін айдың соңғы күнінен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

2. Күн сайынғы және ай сайынғы баланстардың нысандары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.