(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР...

Жолаушылар жылжымалы құрамының қызмет мерзiмiн ұзартуды реттейтiн

актiлердi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Көлік және

коммуникациялар министрінің 2003 ж. 18 сәуірдегі N 136-І бұйрығы





Осы редакция ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 09.12.03 ж. N 353-І бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

"Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756 қаулысына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгiнде жолаушылар поездары қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында бұйырамын:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) Жолаушылар жылжымалы құрамы мен оларға теңестiрiлген үлгiдегi вагондардың қызмет мерзiмiн ұзарту ережесi (1-қосымша);

2) Жолаушылар жылжымалы құрамы мен ВУ-5 нысанды үлгiдегi оларға теңестiрiлген вагондардың техникалық паспорты (2-қосымша);

3) Жолаушылар жылжымалы құрамы мен оларға теңестiрiлген үлгiдегi вагондардың қызмет мерзiмiн ұзарту жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу туралы Акт нысаны (3-қосымша);

4) Жолаушылар жылжымалы құрамы мен оларға теңестiрiлген үлгiдегi вагондардың қызмет мерзiмiн ұзарту жөнiндегi мүмкiншiлiктi анықтау үшiн жолаушылар жылжымалы құрамының техникалық жай-күйiн тексерудi өткiзу әдiстемесi (4-қосымша);

5) Жолаушылар жылжымалы құрамының техникалық жай-күйiнiң картасы (5-қосымша) бекiтiлсiн.

2. Темiр жол көлiгi департаментi (Н.Т.Байдәулетов) белгiленген тәртiпте осы бұйрықты:

1) мемлекеттiк стандарттау жүйесiнiң тiзiлiмiне тiркеу үшiн Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiне;

2) мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне ұсынсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.

4. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Министр Нағманов Қ.И.

"Жолаушылар жылжымалы құрамының қызмет

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.